Астанада Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен Парламенттік реформа жөніндегі жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Президент алдағы үш жылда Қазақстан толыққанды цифрлық мемлекетке айналуға тиіс деген міндет қойды. Бұл тек технологиялық трансформация емес – AI, инновациялық платформалар мен электрондық сервистердің дамуы өмірімізді жайлы, ал экономиканы тиімді әрі ашық етеді. Сондықтан IT саласы мамандарының еңбегі Қазақстанның бүгіні мен болашағы үшін стратегиялық маңызға ие.
Бүгін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Менің Республикам - менің мақтанышым
Астанада бейбіт жиналыстар өткізу құқығын қорғау және ынталандыру мәселелерін жетілдіруге арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азиядағы өкілдігі халықаралық серіктестердің қолдауымен ұйымдастырды.
«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК а.ж.19 қыркүйек күні 2025 жылғы 22 сәуірде Министрліктің Аппарат басшысы бекіткен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі жұмыс жоспарының 8-тармағын орындау үшін «Мемлекеттік қызметшілер арасында «Abai Quiz: Ақыл мен парасат жарысы» атты зияткерлік марафонын өткізді.
☕ Coffee Talk | Доктор Надим Халид: Жасанды интеллект – болашақтың кілті
29 тамыз күні Тәуелсіздік сарайында еліміздің көрнекті ғылыми, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.
28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған Халықаралық конференция аясында Әділет министрлігі, Заңнама және құқықтық ақпарат институты Конституциялық Сотпен және Президенттік орталықпен бірлесіп «Теңдіктің, құқықты қорғаудың және сот төрелігіне қол жетімділіктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбында сессия өткізді.
«Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылғы 8 маусымдағы және 17 қыркүйектегі заңдармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға баптар бойынша түсініктеме» атты кітаптың екінші басылымы жарық көрді.
Бұл басылым Жиенбаев Е.Н. жалпы редакциясымен дайындалған. Авторлары – белгілі заңгер-ғалымдар мен практиктер: Башимов М.С., Аубакирова И.У., Оңғарбаев Е.А., Абдрасулов Е.Б.