Skip to main content

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің ректоры Қ.М. Тіреуов Ибышев Ержар Сәдуақасұлына С. Сейфуллин атындағы құрмет медалін табыстады.

Қазіргі таңда Ержар Сәдуақасұлы ҚР Әділет Министрлігінің «Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Директорының Орынбасары қызметін атқарады.

Оның басшылығымен университетте «Компьютерлік ғылымдар» кафедрасының кабинеті, «Ақпараттық жүйелер» кафедрасының «Platonus» кабинеті және «Жоғары математика» кафедрасында Тақабаев атындағы кабинет ашылды. Сонымен қатар, биокорпустың 4 және 5-қабаттарында жаңа коворкинг аймақтары мен білім алушылардың компьютермен жұмыс істеуіне арналған орындар жасақталды.