Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасында құқықтық реформа тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» 1993 жылғы 16 маусымдағы № 1228 Жарлығы негізінде Республикалық құқықтық ақпарат орталығы және ҚР Заңнама институты құрылды.
Республикалық құқықтық ақпарат
орталығы
|
Заңнама
институты
|
-
1995 жылы Қазақстан Республикасының облыстары орталықтарында өңірлік құқықтық ақпарат орталықтары ашылды.
-
1999 жылы «Заң» деректер базасы құрылды, ол Қазақстанда мемлекеттік тілдегі нормативтік құқықтық актілердің бірінші деректер базасы болды.
-
2011 жылы халыққа білікті заң көмегін тегін көрсету үшін Құқықтық ақпараттық қызметі ұйымдастырылды, сондай-ақ «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі әзірленіп, Әділет министрлігінің сайтына орналастырылды.
-
2014 жылғы қыркүйекте РҚАО-ға Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу функциясы берілді.
|
-
1998 жылғы сәуірде Заңнама ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі жанындағы Заңнама институты болып қайта құрылды.
-
2004 жылғы наурызда Заңнама институты ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында жұмыс істеу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі аккредиттелген ғылыми мекеме мәртебесіне ие болды.
-
2010 жылдан бастап Институт консультациялық қызмет көрсету нарығында кәсіби қызметке баса назар аударып келеді. Институтта Қазақстан Республикасы заңнамасын (заңнама салалары бойынша) дамыту тұжырым-дамаларын әзірлеу маңызды әрі басым бағытта айналды.
|
2019 жылы норма шығармашығы қызметінің тиімділігін арттыру, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі құқықтық ғылымның рөлін күшейту, сондай-ақ ҚР нормативтік құқықтық актілерін бірыңғай мемлекеттік есепке алуды қамтамасыз ету мақсатында ҚР Үкіметінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен ҚР Заңнама институтын біріктіру арқылы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құру туралы № 149 қаулысы қабылданды.