Skip to main content

🌐  Астана, 2025 жыл 9 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты мен ҚР Әділет министрлігінің Қоғамдық кеңесі Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мен Адам құқықтары күніне орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақтылық және адамның конституциялық құқықтары: «Заң және Тәртіп» формуласы» атты дөңгелек үстел өткізді.

🎙 Іс-шараны Қазақстан Республикасының Әділет министрі Е.Ж. Сарсембаев ашып, қатысушыларды құттықтады.

Ұйымдастырушылар тарапынан модератордың бірі – Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қоғамдық кеңес мүшесі, з.ғ.д., профессор И.О. Әубәкірова болды.

Дөңгелек үстел жұмысына мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, заңгер ғалымдар, норма шығару саласының сарапшылары, ҮЕҰ, білім беру ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысып, негізгі тақырыпқа байланысты ойларын ортаға салды.

Іс-шара барысында мемлекеттік органдардың басшыларының, халықаралық ұйым өкілдерінің, Парламент депутаттарының, жоғары оқу орындары мен үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрылымдық бөлімшелері басшылары мен қызметкерлерінің баяндамалары тыңдалды.