2025 жылғы 10 желтоқсанда Астана халықаралық университетінде «Еңбек саласындағы құқықтық мәдениет - еңбек даулары мен жанжалдардың алдын алу құралы» тақырыбында дәріс өтті. Іс-шара «6В04202 - Халықаралық құқық» білім беру бағдарламасы бойынша 1 курс студенттері үшін ұйымдастырылды.
Дәрісті азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы, философия докторы (PhD) Акимжанова М.Т. жүргізді. Дәріс барысында еңбек саласындағы құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселелері ашылып, даулардың алдын алуда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің құқықтық хабардарлығының рөлі, сондай-ақ құқықтық қорғауды арттыру және еңбек қатынастарындағы қақтығыстарды азайту үшін еңбек заңнамасын сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.
Іс-шара қоғамда құқықтық мәдениетті дамытуға бағытталған шаралар тізбесінің 9-тармағын іске асыру шеңберінде өткізілді.