Іс-шаралар жоспарының 9-тармағын орындау шеңберінде, 2022 жылғы 1 қарашадағы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың «Қоғамның құқықтық мәдениетін дамытуға бағытталған шараларды қабылдау туралы» бірлескен бұйрығымен бекітілген, оған сәйкес Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жыл сайын дәрістер өткізу міндеті жүктелген, халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану бөлімінің басшысы, заң ғылымдарының кандидаты Абдакимова Д.А. «Заң және тәртіп идеологиясы тұжырымдамасындағы адам құқықтарын құрметтеу және әділеттілік қағидаты» тақырыбында дәріс өткізді.
Дәріс 2025 жылғы 12 желтоқсанда Астана халықаралық университетінің «6В04201 – Юриспруденция» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттеріне арналды.