Ғылыми құқықтық сараптама үйлестіру бөлімі «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-ның құрылымдық бөлімшесі болып табылады, заң жобаларына және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді үйлестіруді келесі жолдармен жүзеге асырады:
- заң жобаларына және халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізетін сарапшылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу;
- сарапшылардың ғылыми құқықтық сараптама жүргізуін қамтамасыз ету.
Бөлім функциялары:
- заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз ету;
- Бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша өз құзыреті шеңберінде уәкілетті мемлекеттік органмен және өзге де мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізетін сарапшылардың тізілімін қалыптастыру;
- Бөлім құзыреті шегінде іс-шаралар (конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинар-кеңестер, практикалық семинарлар) ұйымдастыру және өткізу;
- Институт жарғысында көзделген өзге де функциялар
Бөлім басшысы – Воказе Камшат Қуантханқызы
Байланыс:
Тел.: +7 (7172) 57-99-85
E-mail: npe@zqai.kz