Бөлімнің ғылыми жетістіктері
Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімнің қызметкерлері мемлекеттік органдармен, Қазақстан Республикасының Парламентімен мол жұмыс тәжірибесіне ие, жыл сайын ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысады.
Орталық заң жобаларына құқықтық қорытындылар мен реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын жазуға белсенді қатысады.
Орталықта келесі қазақстандық ғалымдар жұмыс істейді: з.ғ.д, профессор Абдрасулов Е.Б., з.ғ.д., профессор Жанузакова Л.Т., з.ғ.к.,доцент Караев А.А., з.ғ.к. Сартаева Н.А.,з.ғ.к. PhD докторы Ахметов Е.Б., Абулгазин Е.С., з.ғ.к. Тебаев Д.Б., з.ғ.м. Оспанова А.Н., аға ғылыми қызметкері Куставлетов Д.Р.
Бөлімнің негізгі міндеттері:
- конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласындағы заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;
- конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында заң жобаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
- конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
- мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың конституциялық қағидаттарын дамыту;
- жүргізілген іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді іске асыруға бағытталған заңнамалық актілердің жобаларын және олардың тұжырымдамаларын әзірлеу;
- әкімшілік-іс жүргізу заңнамасы, әкімшілік-юрисдикциялық процесс, әкімшілік әділет;
- жарғылық қызметке сәйкес мәселелерді шешуге көмек көрсету.
Бөлім жүзеге асырады:
- жұмыс жоспарларына сәйкес заң жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
- заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық еткен заң жобалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
- конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
- конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға ғылыми сараптамалық-консультациялық қызметтер көрсету;
- заңнаманы жетілдіру тұжырымдамаларын әзірлеу;
- өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
- институтта қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
- бөлімнің міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімнің басшысы- Ахметов Ерік Болатұлы, PhD докторы
Байланыс:
Email: akhmetov.e@zqai.kz
Білім
2002-2005 жоғары білім: Қазақ гуманитарлық-заң университеті, Заң факультеті, Құқықтану
Біліктілігі: Заңгер
2011-2013 жоғары оқу орнынан кейінгі: Орталық - Азия университетінің магистратурасы.
Заң ғылымдарының магистрі.
2013 ж. - Болашақ бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдаман өтуі (Швейцария, Монтре қ. Montrue School of business)
2021-2024-Л.Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық университетінің «8D04201-Құқықтану» мамандығы бойынша докторантурада оқуы
АТҚАРАТЫН ЛАУАЗЫМЫ
Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімнің басшысы
ҒЫЛЫМИ ДӘРЕЖЕЛЕР
PhD докторы, диссертациясының тақырыбы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік сот ісін жүргізудегі соттың белсенді рөлі қағидаты»
ТІЛДЕРДІ БІЛУ
Қазақ, орыс, ағылшын тілдері
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Ғылыми қызығушылықтары: конституциялық құқық; әкімшілік заңнама; мемлекеттік қызмет және басқару.
20-дан астам ғылыми мақалалардың авторы, соның ішінде Scopus дерекқорындағы 5 мақала - https://www.scopus.com/authid/detail.uri? authorId=59545252000: «Әкімшілк сот ісін жүргізудегі сот рөлінің белсенділігін арттыру қағидаты» (монография 2025) (автор), «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік заңнаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» (2025) (бірлескен автор), «Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету» (2021) (бірлескен автор) және т.б