Лингвистика орталығы (бұдан әрі - Орталық) «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Институттың Жарғысына, Регламентіне және өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүргізеді.
Орталықтың негізгі міндеттері:
- заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
- мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласы бойынша іргелі және қолоданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.
Орталықтың функциялары:
- заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
- Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- ғылыми лингвистикалық сараптама аясында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қосқанда, ғылыми зерттеу мен өңдеу жүргізеді;
- заңнамалық актілердің, заң жобалары мен халықаралық шарттардың олардың теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдегі заң терминдерін бірізді қолдану бөлігінде лингвистикалық сараптамасының сапасын арттыру бөлігінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
- Орталықтың құзыреті аясында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу (конференциялар, семинар-отырыстар, практикалық семинарлар);
- Институт Жарғысында көзделген өзге де функциялар.
Орталық басшысының қ.а. - Сыздық Болат Кенелұлы
Байланыс:
Тел.: +7(7172) 26-61-07
E-mail: syzdyk.b@zqai.kz