Skip to main content

Қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімі (бұдан әрі – Бөлім) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорнының құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

 

Бөлімнің негізгі міндеттері:
  • қылмыстық, қылмыстық-процестік және қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы заң жобаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
  • қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасы саласында іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулер жүргізу;
  • жүргізілетін іргелі және ғылыми-қолданбалы зерттеулерді іске асыруға бағытталған заңнамалық актілердің жобаларын және олардың тұжырымдамаларын әзірлеу;
  • жарғылық қызметке сәйкес мәселелерді шешуге көмек көрсету.

 

Бөлім жүзеге асырады:
  • жұмыс жоспарларына сәйкес заң жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыруды;
  • заң шығару бастамасы құқығының субъектілері бастамашылық еткен заң жобалары бойынша консультациялық қызметтер көрсетуді;
  • қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізуді;
  • қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы саласындағы мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдарға ғылыми сараптамалық-консультациялық қызметтер көрсетуді;
  • заңнаманы жетілдіру тұжырымдамаларын әзірлеуді;
  • өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасауды;
  • Институтта қолданыстағы заңнама мәселелері бойынша өткізілетін ғылыми-практикалық конференцияларды, дөңгелек үстелдерді және өзге де іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
  • бөлімнің міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.


Бөлімнің ғылыми жетістіктері:

Қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің қызметкерлерінің ғылыми және педагогикалық жұмыс тәжірибесі мол.

Қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқару заңнамасы бөлімінің қызметкерлерінің ғылыми және педагогикалық жұмыс тәжірибесі мол. Бөлімнің негізгі мақсаты заң жобаларына құқықтық қорытындылар мен реттеуші саясаттың консультативтік құжаттарын дайындауға қатысу болып табылады. Кеңес беру жұмыстарымен қатар бөлім қызметкерлері ғылыми қызметті жүзеге асырады. Жыл сайын бөлім қызметкерлері іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізеді. Зерттеу тақырыбы Қазақстандағы қылмыстық саясаттың маңызды бағыттарын көрсетеді.

 

Соңғы жылдары келесі басылымдар жарық көрді:
  • Законодательство Республики Казахстан об ответственности за применения насилия в семейно-бытовой сфере и проблемы его совершенствования. Монография / Под общей редакцией Сарпекова Р.К., Рахметова С.М. Нур-Султан: РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан», 2020. – 320 с.;
  • Проблемы совершенствования уголовного и уголовно-процессуального законодательства в рамках реализации послания Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года». Коллективная монография. – Нур-Султан, РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республик Казахстан», 2021. – 361 с.
  • Современные проблемы уголовного и уголовно-процессуального законодательства в рамках реализации послания Президента Республики Казахстан от 1 сентября 2020 года. Учебное пособие – Алматы, ТОО «Лантар Трейд», 2022. – 338 с.;
  • Противодействие насилию в семейно-бытовой сфере по законодательству Республики Казахстан. Учебное пособие / Под общей редакцией Сарпекова Р.К., Рахметова С.М. – Алматы, ТОО «Лантар Трейд», 2022. – 277 с.;
  • Проблемы совершенствования уголовного, уголовно-процессуального законодательства в свете Концепции правовой политики Республики Казахстан до 2030 года: противодействие преступности, защита и восстановление прав граждан»: коллективная монография. – Астана: Издательство Института законодательства и правовой информации Республики Казахстан, 2023. – 263 с.;
  • Современные проблемы уголовного и уголовно-процессуального законодательства в свете Концепции правовой политики Республики Казахстан до 2030 года. Учебное пособие. Под общ. ред. Сарпекова Р.К., Рахметова С.М. – Алматы: ADAL KITAP, 2023. – 251 с.;
  • Недостатки норм Уголовного кодекса Республики Казахстан и меры по их устранению. Учебное пособие. – Алматы: Издательство «ADAL KITAP», 2024. – 143 с.;
  • «Совершенствование уголовного и уголовно-процессуального законодательства в рамках ревизии, предусмотренной Концепцией правовой политики Республики Казахстан до 2030 года: коллективная монография. Астана: РГП на ПХВ «Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан», 2024. – 233 с. 

 

Маңызды ғылыми жетістіктер келесі еңбектерді дайындаудан және жариялаудан көрініс табады:
  • Комментарий к уголовному кодексу Республики Казахстан. том 3. – Астана, 2024. – 472 с. ISBN 978-601-81071-0-8.;
  • Комментария к Уголовному кодексу Республики Казахстан. В 3-х томах. – Астана: Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан, 2025 г.;
  • Комментария к Закону Республики Казахстан «О противодействии терроризму». – Астана: Институт законодательства и правовой информации Республики Казахстан, 2025 г.

 

Бөлімде көрнекті қазақстандық ғалымдар жұмыс істейді:: 

з.ғ.д., профессор Рахметов С.М., з.ғ.д., профессор Нуртаев Р.Т., з.ғ.д., профессор Ахпанов А.Н., з.ғ.к. Каржаубаев С.С., з.ғ.к., ассоциированный профессор Кыздарбекова Б.Ж., PhD докторы Нурлымбаева Л.Е., Оразбекова А.К.

 

Бөлім басшысы – Қаржаубаев Серік Сейітұлы, заң ғылымдарының кандидаты

Байланыс:

Тел.: +7(7172) 26-61-24

Email: karzhubaev.s@zqai.kz

 

Білімі:
  • 1992-1997 жоғары білім: Абай атындағы Қазақ педагогикалық институты. Тарих факультеті, тарих, құқық мұғалімі
  • 1995-1997 екінші жоғары білім: Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті. Заң факультеті, Құқықтану. Біліктілігі: Заңгер
  • 2010 – кандидаттық диссертацияны қорғау
Ғылыми дәрежелер:

Заң ғылымдарының кандидаты, диссертациясының атауы: «Қазақстан Республикасындағы азаматтардың еңбек құқықтарын қылмыстық-құқықтық қорғау»

Тілдер білімі: 

Қазақ, орыс, неміс тілдері

Қосымша мәліметтер
  • Ғылыми қызығушылықтар: қылмыстық құқық, қылмыстық-процестік құқығы, қылмыстық-атқару құқығы, криминология.
  • 100-ден астам ғылыми мақаланың, оның ішінде 4 оқу құралының, 4 монографияның авторы