Skip to main content
Бөлім туралы жалпы мәліметтер:

Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімі жеке-құқықтық реттеу саласында ғылыми-әдіснамалық, сараптамалық және талдамалық сүйемелдеуді қамтамасыз ете отырып, Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының құрылымында стратегиялық маңызды орын алады. Бөлім қызметі институттың азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасын, азаматтық іс жүргізу процесінде құқық қолдану практикасын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің өзекті қажеттіліктерін ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу жүйесін жетілдіру саласындағы басым ғылыми міндеттерін іске асыруға бағытталған.

Кадрлық әлеует:

Азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімі бейінді салаларда сараптамалық білімі бар тәжірибелі және құзыретті ғылыми қызметкерлер тобымен ұсынылған. Кадрлық құрамға мыналар кіреді:

Штаттағы қызметкерлер:

  1. Акимжанова Маржангуль Турсунхановна – бөлім басшысы, философия докторы (PhD);
  2. Рамазан Асель Ерлановна – жетекші ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі;
  3. Төлеубек Айжан Аманбайқызы – аға ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі;
  4. Айбар Сейдимбек - аға ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының магистрі;

Қоса атқаратын жұмыскерлер:

  1. Идрышева Сара Кимадиевна – жетекші ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының докторы. профессор;
  2. Скрябин Сергей Васильевич – бас ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты, доцент;
  3. Нестерова Елена Викторовна – бас ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
  4. Казбаева Асель Габиденовна – бас ғылыми қызметкер, заң ғылымдарының кандидаты;

 

Бөлімнің сараптамалық қызметіне кіреді: 

Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына, реттеуші саясаттың консультациялық құжаттарына ҚР Конституциясына, қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі тұрғысынан ғылыми-құқықтық сараптама жүргізу.

  1. Мемлекеттік органдар мен заң шығару бастамасы құқығының субъектілерінен түсетін заңнамалық бастамалар бойынша сараптамалық қорытындылар дайындау.
  2. Аталған құқық салаларындағы құқық қолдану практикасының тиімділігін бағалау.
  3. Қолданыстағы заңнамаға ұсынылған өзгерістерді құқықтық талдау және негіздеу мақсатында ведомствоаралық жұмыс топтары мен комиссияларға қатысу.
  4. Азаматтық айналымға, іс жүргізу нормаларына және сот актілерін орындауға байланысты құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға консультация беру.

Бөлім мемлекеттік органдармен, бірінші кезекте Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен жүйелі өзара іс-қимылды жүзеге асырады.

 

Бөлімнің мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылының негізгі нысандарына мыналар жатады:
  1. Мемлекеттік органдардың сұрау салулары бойынша ғылыми қорытындылар дайындауға қатысу;
  2. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық-құқықтық сүйемелдеу;
  3. Бірлескен ғылыми-практикалық іс-шараларды (семинарлар, дөңгелек үстелдер, вебинарлар) өткізу;
  4. Ведомствоаралық жұмыс топтарына және қолданыстағы заңнаманы талдау бойынша консультацияларға қатысу;
  5. Бейіндік салаларда заңнаманы қолдану мәселелері бойынша кеңес беру.
  6. Азаматтық, азаматтық-процестік қатынастарды және атқарушылық іс жүргізуді қозғайтын салаларда (тұтынушылардың құқықтарын қорғау, денсаулық сақтау, экология, азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын қамтамасыз ету және т.б. салаларда) құқықтық сүйемелдеу және заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша салалық министрліктермен өзара іс-қимыл жасау;
  7. Құқық қолдану практикасының мониторингі және талдамалық материалдарды дайындау;

 

ҚР заңнама институтының Азаматтық, азаматтық процестік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің бәсекелестік артықшылықтарына мыналар жатады:
  1. Ғылыми зерттеулер мен заң шығару қызметінде кәсіби тәжірибесі бар заң ғылымдарының докторлары мен кандидаттарын, PhD-докторлары мен заң ғылымдарының магистрлерін қамтитын бөлімнің жоғары білікті кадрлық құрамы негізгі құқықтық бастамаларды ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етуге қабілетті зияткерлік өзекті қалыптастырады. Бұл бөлімнің Қазақстан Республикасының құқықтық кеңістігіндегі ғылыми-талдамалық қызметінің орнықтылығын, сараптамалық тереңдігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін стратегиялық артықшылықты білдіреді.
  2. Бөлімнің Азаматтық құқық, Азаматтық іс жүргізу заңнамасы және Атқарушылық іс жүргізу туралы заңнама саласында ғылыми зерттеулер, құқықтық сараптама және талдау жұмыстарын жүргізуге мамандануы. құқықтық талдауға кешенді және пәнаралық тәсілді қамтамасыз етеді, бұл жоғары деңгейдегі негізделген сараптамалық қорытындылар мен ұсыныстарды әзірлеуге мүмкіндік береді. Мұндай ғылыми және талдамалық икемділік бөлімнің ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша құқықтық сараптама мен кеңес берудің беделді орталығы ретіндегі ұстанымын нығайта отырып, даму стратегиясын іске асыруда маңызды бәсекелестік артықшылық ретінде қызмет етеді.
  3. Заңнамалық бастамалардың құқықтық сараптамасына қатысуды қоса алғанда, бөлімнің мемлекеттік органдармен белсенді өзара іс-қимылы, сондай-ақ ҚР Әділет министрлігімен, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, шетелдік әріптестермен тұрақты ынтымақтастық стратегиялық бәсекелестік артықшылықты білдіреді. Бұл өзекті ақпаратқа жедел қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ғылыми зерттеулердің тәжірибеге бағдарлануына ықпал етеді және құқықтық интеграция мен халықаралық құқықтық диалог процестеріне тиімді әсер ете алатын сараптамалық платформа ретінде бөлімнің беделін нығайтады.
  4. Ғылыми әзірлемелер тақырыбының Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құқықтық саясатының басымдықтарына бағдарлануында көрініс табатын бөлімнің зерттеулерінің өзектілігі мен практикалық бағыттылығы елеулі бәсекелестік артықшылықты қалыптастырады. Мұндай бағыт зерттеу нәтижелерінің практикада сұранысқа ие болуын қамтамасыз етеді, негізделген құқықтық шешімдерді әзірлеуге ықпал етеді және елдің құқықтық және институционалдық дамуының стратегиялық міндеттерін іске асыруға бөлімнің үлесін арттырады.
  5. Конференцияларға, форумдарға тұрақты қатысуды және ғылыми-құқықтық сараптаманы ұсынуды қоса алғанда, жарияланым белсенділігінің жоғары деңгейі және ғылыми-зерттеу және сараптамалық жобаларға жүйелі қатысу негізгі бәсекелестік артықшылықтар болып табылады. Бұл факторлар бөлімнің ғылыми беделін нығайтуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және зерттеу сапасын арттыруға ықпал етеді, бұл өз кезегінде Қазақстанның жаһандық ғылыми және құқықтық кеңістікке интеграциялануы мен дамуының тиімді стратегиясын қалыптастырудағы бөлімнің рөлін күшейтеді.

 

Басым бағыттар: 
  1. Меншік пен міндеттемелердің құқықтық режимі, мәмілелер мен азаматтық айналымды цифрландыру, зияткерлік меншікті құқықтық реттеу, шарттық қатынастардың қазіргі заманғы нысандары, азаматтық іс жүргізу құқығының өзекті мәселелері саласында іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу.
  2. Әр түрлі құқықтық жүйелердегі шетелдік заңнаманы зерттеу және түсіндіру (англо-саксон, континентальды, аралас).
  3. Ғылыми зерттеулер мен қолданбалы талдау негізінде заңнаманы жетілдіру жөніндегі тұжырымдамаларды, модельдер мен ұсыныстарды әзірлеуге қатысу.
  4. Кадр және сараптама ресурсын нығайту, ведомствоаралық және пәнаралық ынтымақтастықты кеңейту, гранттық және жобалық қызметке қатысу.

 

1
Бөлім басшысы – Акимжанова Маржангуль Турсунхановна

Контакты:

Байланыс телефон: +7(7172) 57-03-41

 

Білімі:

2000–2005 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, «Құқықтану» мамандығы, біліктілігі — заңгер;

2010–2012 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, мамандығы 6М030100 – «Юриспруденция», біліктілігі — заң ғылымдарының магистрі;

2016–2019 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, заң факультеті, мамандығы 6D030100 – «Юриспруденция», деңгейі — философия докторы (PhD).

 

Жұмыс тәжірибесі:

2006-2009 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы.

2009-2020 жж. – Академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының аға оқытушысы.

2021-2025 жж. – «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының қауымдастырылған профессоры

2021-2024 жж. – «Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті» КЕАҚ Азаматтық және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі.

10.02.2025 ж бастап  - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының азаматтық, азаматтық іс жүргізу заңнамасы және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің басшысы.

Оқытушылық қызмет өтілі – 19 жыл.

 

Негізгі жарияланымдар:

70-тен астам ғылыми және оқу-әдістемелік еңбектердің авторы, соның ішінде:

  • Scopus, Web of Science жоғары рейтингтік журналдарындағы, ҚР БҒМ БҒСБК ұсынған журналдардағы мақалалар;
  • Монографиялар: «Қазақстан Республикасының және шетелдердің отбасылық заңнамалары бойынша бала құқықтары: салыстырмалы-құқықтық талдау»; «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз етудің теориясы және тәжірибесі (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамалары саласында»
  • Оқу құралдары: «Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу  бойынша заңдық терминдердің анықтамалық сөздігі» (2022); Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы» (ерекше  бөлім) (2023)
  • Халықаралық конференцияларда баяндамалар.

 

Ғылыми мүдделер саласы: 

отбасылық-неке заңнамасының өзекті мәселелері, Азаматтық құқықтың өзекті мәселелері, норма шығару қызметі, заң техникасы.

 

Ғылыми тағылымдамалары:

2018 ж. -   «European Commercial Law» (Прага, Чехия)

2021 ж. – «Актуальные проблемы  гражданского и гражданско-процессуального законодательства»  Университет Antalya Bilim (Анталья қ., Түркия);

2021 ж. – «Сравнительный анализ законотворческого процесса Республики Узбекистан и Республики Казахстан»  (Ташкент қ., Өзбекстан Республикасы);  

2022 ж. -  Италия Республикасындағы ғылыми тағылымдама (Кассино қ.) Кассино және Оңтүстік Лацио университетінде, Берндегі ғылыми зерттеулер (Швейцария ұлттық кітапханасы).

2024 ж. - «Innovative Methodologies in Legal Science Reserarch: Bridging Theory and Practice» (Гданьск, Польша).

2024 ж. - «The child and the Internet spase: issues of legal security» (Мемлекеттік зияткерлік технологиялар және байланыс университеті (Одесса қ, Украина)

 

Ғылыми жобаларды іске асыруға қатысу:

2013-2015 жж. - ТEMPUS Халықаралық жобасы – IV (TuCAHEA) «На пути к высшему образованию Центральной Азии: структура тюнинга и построение качественной культуры»;

2021-2023 жж. - «Мемлекеттік тілдегі нормативтік-құқықтық актілердің сапасын қамтамасыз ету теориясы мен практикасы (азаматтық және азаматтық іс жүргізу заңнамасы саласында)» - «Фундаментальные исследования в области социальных и гуманитарных наук».

 

Біліктілігін арттыру (2024-2025жж.):
  • Coursera білім беру платформасындағы «Regulatory Compliance» (University of Pensilvania) Онлайн-мамандану (2024ж);
  • Тренинг «Поведенческие науки и принятие решений в юридической сфере» (Суд МФЦА и МАЦ (Астана қ., 2025)
  • Оқу-тренингтік семинар «Практика управления проектами на основе стандарта PMI PMBOK Guide 7th edition» (Астана қ., 2025)

 

Кәсіби ғылыми ұйымдарға мүшелік:
  • «Қарағанды университетінің хабаршысы» журналының рецензенті. «Құқық» Сериясы
  • Республикалық нотариаттық палатаның тәртіптік комиссиясының мүшесі
  • IAAR сарапшысы

 

Ғылымометриялық мәліметтер базасының идентификаторлары: