Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, (мекенжайы: Мәңгілік Ел даңғылы 8, анықтама телефоны: 8 (7172) 74-76-52, e-mail: konkurs@adilet.gov.kz) Мемлекеттік кәсіпорынның басшысы лауазымына орналасуға конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны директоры.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: бизнес, басқару және құқық (құқықтану).
Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша нормашығармашылық саласында басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор, ғылым кандидаты немесе ғылым докторы дәрежесі болған кезде жұмыс өтілі кемінде 3 жыл өтілінің болуы.
Кәсіби біліктілігі: басқарушылық дағдылар, стратегиялық ойлау, бейімделу мен икемділік, мақсаттылық, заңнама және құқықтық ақпарат саласындағы, сондай-ақ жұмысты басқару және ұйымдастыру саласындағы әдіснамалар мен стандарттарды білу, әдептілік, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, қақтығыс-менеджмент, ауқымды ақпарат талдау қабілеті, мәселелерді шешуге шығармалылық.
Заңнаманы білуі: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексін, Қазақстан Республикасы Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін, «Мемлекетік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы», «Әділет органдары туралы» және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын және өзге де заңнамалық актілерін білу.
Конкурс туралы ақпарат:
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.04.2026 – 08.05.2026
Конкурс өткізілетін күн: 13.05.2026
Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында www.e-qazyna.kz (https://qyzmet-candidate.e-qazyna.kz/ru/search/competition/list/325665563148000000/view) сервистер: talapker бөлімі, qyzmet бөлімшесінде конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген адамдардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия тізілімінің веб-порталында әңгімелесу өткізу кестесі орналастырылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күніконкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.
Әңгімелесуге жіберілген конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы жүргізіледі.
Конкурсқа қатысуға үміткер адам конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 1-қосымшаға сәйкес тізілімнің веб-порталында ресімделген және ЭЦҚ пайдалана отырып қол қойылған конкурсқа қатысу туралы өтінішті қазақ және орыс тілдеріндегі түйіндемемен қоса электрондық нысанда ұсынады.
Тізілімнің веб-порталы конкурсқа қатысу туралы өтінішке «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен дерекқорлардан конкурсқа қатысуға үміткер адамның жеке басын куәландыратын, білімі, зейнетақы аударымдары және еңбек қызметі туралы құжаттардың мәліметтерін автоматты түрде тіркейді.
Тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеде еңбек қызметі туралы мәліметтер болмаған жағдайда конкурсқа қатысуға үміткер адам Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көрсетілген еңбек қызметін растайтын құжаттардың бірін өтінішке тіркейді.
Өтініш