Бүгін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің Заңнама және құқықтық ақпарат институтында Қазақстан Республикасының күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.
Іс-шара барысында қызметкерлер бұл мемлекеттік мерекенің маңыздылығын атап өтті. Ол тәуелсіздіктің, халық бірлігінің және елдің тұрақты дамуының символы болып табылады. Қазақстан Республикасының күні елдің тәуелсіздік, демократия және мемлекеттілікті нығайту жолындағы тарихи таңдауын бейнелейді деген пікір айтылды.
Өздерінің сөздерінде қатысушылар әділет органдарын дамытуға зор үлес қосқан көрнекті ғалым, заңгер және мемлекет қайраткері Нағашбай Аманғалиевич Шайкеновтың еңбегін ерекше атап өтті. Ол Институттың қалыптасуы мен дамуына тікелей қатысқан. Оның бастамасы мен ғылыми-ұйымдастырушылық тәсілі арқасында бүгінгі таңда мекеме Әділет министрлігінің жүйесінде маңызды орынға ие болуға мүмкіндік беретін берік негіз қаланған.
Салтанатты жиналыс аясында қызметкерлер Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің ведомстволық наградаларымен марапатталды. Ұзақ жылдар бойғы адал еңбегі және құқықтық ғылымның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Нұртаев Рамазан Тұяқұлы «Еңбек ардагері» белгісімен марапатталды. Жоғары кәсібилігі мен қызметтік міндеттерді үлгіге сай орындағаны үшін Қаржаубаев Серік Сейітұлы мен Оспанов Мұрат Төлтайұлы «Әділет органдарының үздігі» белгісімен марапатталды.
Салтанатты шара наградаларды табыс ету және ұжымның құттықтаулары мен аяқталды. Қызметкерлер өздерінің еңбектерін жоғары бағалағаны үшін Институт пен Әділет министрлігінің басшылығына алғысын білдіріп, Қазақстан Республикасының күнін мерекелеу мемлекеттік және халыққа қызмет ету ісіне деген ортақ жауапкершілік сезімін нығайтатынын атап өтті.
