1990 жылғы 25 қазанда қабылданған Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы - еліміздің тәуелсіздік жолындағы алғашқы тарихи және құқықтық қадамы болды. Бұл маңызды құжат Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасуына негіз қалады. Осы айтулы күнге орай Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қабырғасында салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің Отанға деген сүйіспеншілігі мен Республиканың маңыздылығы туралы ойларын білдіріп, елімізге деген мақтаныштарын ерекше атап өтті. Бұл мереке - әрбір қазақстандықтың жүрегіне жақын, өткені мен болашағын байланыстыратын ерекше күн!
Remote video
- Видео файл