Skip to main content

Құрметті оқырмандар!

 

«Сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы қазан айындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының өзгерістеріне шолу ұсынамыз».

 

Салық салу

Қазақстан Республикасының Салық кодексін және 2025 жылғы 18 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Салық салу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын іске асыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 тамыздағы № 128-р бұйрығымен мемлекеттік органдарға бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тапсырылған:

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Салық төлеушілер (салық агенттері) таратылған, қайта ұйымдастырылған және қызметін тоқтатқан кезде, оның ішінде салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жекелеген санаттары бойынша салық міндеттемесін орындау қағидаларын, қызметін тоқтату кезінде салық міндеттемесін орындаудың жеңілдетілген тәртібін, сондай-ақ қызметін тоқтату кезінде жеңілдетілген тәртіп қолданылатын салық төлеушілерді жекелеген санаттарға жатқызу шарттарын айқындау туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің, Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің, Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің, Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Басшысының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Салық және басқа да міндетті төлемдер төлеушілер мен салық салу объектілері туралы мәліметтерді ұсыну бойынша уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекеттік кірістер органы өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» бірлескен қаулысы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімдері жүйесін жүргізу қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларының, қарыздық краудфандингтік платформаны басқару қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар "Астана" халықаралық қаржы орталығының қатысушысының, кредиттік бюролардың, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, активтер мен міндеттемелер, кірістер мен мүлік туралы салықтық есептілікті тапсыру міндеті туындаған жеке тұлғалар бойынша салықтық әкімшілендіруге қажетті мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мәселелері туралы» бұйрығы; 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексерілетін салық төлеушіге қатысты сақтандыру міндеттемелері туралы қорытындыны ұсыну нысанын, тәртібін және мерзімін белгілеу, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның мемлекеттік кірістер органдарымен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы; 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Көлік министрінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірлескен бұйрығы «Мемлекеттік кірістер органының көлік құралдарын есепке алу және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдармен салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы, сондай-ақ мұндай объектілерге ие салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің, Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бірлескен бұйрығы «Жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті есепке алу және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдармен мемлекеттік кірістер органының салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер, сондай-ақ мұндай объектілерге ие салық төлеушілер туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы»;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасы аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компаниялардың пайдасына жасалған төлемдер мен аударымдардың тоқсандық қорытынды сомалары туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну қағидаларын, мерзімдері мен нысандарын белгілеу туралы» бұйрығы;

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Басшысының, Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас барлау басқармасы Басшысының бірлескен бұйрығы «Салықтық есептілікті ұсыну мен салықтық тексеруді жүргізудің ерекше тәртібін айқындау туралы»; 

- Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару қағидаларын айқындау туралы» бұйрығы; 

- «Салық органының салықтық тексеру жүргізу туралы шешім қабылдау қағидалары мен негіздерін, сондай-ақ тіркеу деректерінде көрсетілген салық төлеушінің орналасқан жерінде және (немесе) салық салу объектісі және (немесе) салық салумен байланысты объект орналасқан жерде хронометраждық зерттеу жүргізу туралы шешім шығару қағидаларын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы»;

- «Шот-фактураның нысанын және оны жазып беру қағидаларын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығы»;

- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері (құрылымдық бөлімшелері) беретін мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның (не мемлекеттік бақылаудан өткені туралы талонның көшірмесінің) нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы» «Қазақстан Республикасы Қаржы министрі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірлескен бұйрығы»; 

- «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес төленген уақытша теңгерімдік төлем бойынша шығыстарды шегерімге жатқызудың шекті мөлшерін айқындау туралы бұйрығы»; 

- «Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің пайдалы қазбаларды өндіруге белгіленген салық мөлшерлемелеріне қолданылатын теңестіру коэффициентін айқындау қағидаларын бекіту туралы бұйрығы»; 

- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің цифрлық активтер биржалары мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқа қатысушылары мемлекеттік кірістер органы алдында цифрлық активтер биржаларында Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері жүзеге асырған операциялар және цифрлық активтермен байланысты қызметтен резиденттер мен резидент емес тұлғаларға төленген сыйақылар туралы ақпаратты ұсыну нысанын және оны ұсыну қағидаларын бекіту туралы бұйрығы»;

- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің банктік ұйымдардың, коллекторлық агенттіктердің, кастодиандардың, орталық депозитарийдің, клиенттердің шоттарын атаулы ұстаушы ретінде жүргізу құқығына ие брокерлер мен (немесе) дилерлердің, инвестициялық портфельді басқарушылардың, брокерлердің, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан Республикасының резиденті емес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдарының мемлекеттік кірістер органдарына ақпарат ұсыну мәселелері жөніндегі кейбір мәселелер туралы бұйрығы»;

- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің банктік ұйымдардың банктік шоттардың бар екендігі және олардың нөмірлері, осы шоттардағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтерді мемлекеттік кірістер органына ұсыну нысандарын белгілеу туралы бұйрығы»;

- «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің салық есептілігі нысандарын және оларды толтыру жөніндегі түсіндірмелерді белгілеу туралы бұйрығы».

Білім беру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 28 наурыздағы № 248 қаулысына, 2024 жылғы 24 шілдедегі № 592 қаулысына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2021 жылғы 30 қазандағы № 178-р өкіміне сәйкес білім беру саласында келесі бұйрықтар әзірленетін болады:

- «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің жоғары білімнің бірыңғай порталында түлектің цифрлық бейінін орналастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекіту туралы бұйрығы»;

- "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығына өзгерістер енгізу туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы бұйрығына құжаттарды балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріне, мүгедектерге арналған спорт мектептеріне қабылдау бойынша көрсетілетін қызметті электрондық форматқа ауыстыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы бұйрығы;

- «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің жалпы орта білім беру бағдарламасына «Жасанды интеллект негіздері» модулін енгізу туралы бұйрығы».

 

Өрт қауіпсіздігі

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 шілдедегі № 108-р тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентін бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы бұйрығы қабылданады.