Skip to main content

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК а.ж.19 қыркүйек күні 2025 жылғы 22 сәуірде Министрліктің Аппарат басшысы бекіткен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойын атап өту жөніндегі жұмыс жоспарының 8-тармағын орындау үшін «Мемлекеттік қызметшілер арасында «Abai Quiz: Ақыл мен парасат жарысы» атты зияткерлік марафонын өткізді.

Аталған зияткерлік марафонды өткізудің мақсаты – Институт қызметкерлерінің Абай Құнанбайұлына зор беделді тұлға, қолбасшы ретінде қызығушылықтарын арттыру, Абайды, оның өмірін тану, шығармаларын оқуға ынталарын ояту болды. 

Марафон жарыс элементі бар ойын форматында қызықты өтті. Марафон барысында қызметкерлер Абайды қазақ қоғамының игілігіне қызмет еткен, білімді, озық, тәжірибелі болыс басқарушысы, қарапайым халықтың қамын ойлайтын адал да әділ көшбасшы, басқару ісінде өз ұстанымы бар зор беделді тұлға, заң шығарушы, орақ тілді шешен, халық өмірі мен әдет-ғұрпын, төрелік айту жөнін жақсы білетін танымал мемлекет және қоғам қайраткері ретінде еске алды.

Қызметкерлер интеллектуалдық белсенділік танытып, топтарға бөлініп, қызу бәсекелестікпен жарысты. Марафонға қатысушылар командалық жарыс барысында өз білімдерін қолданып, жақсы нәтиже көрсетті.