☕ Coffee Talk | Доктор Надим Халид: Жасанды интеллект – болашақтың кілті
Coffee Talk кездесу сериясы Англия Раскин Университетінің (Anglia Ruskin University, ARU) Кембридж қаласында орналасқан мемлекеттік бейкоммерциялық жоғары оқу орнының Менеджмент мектебінің директорының орынбасары және Кәсіпкерлік пен стратегия кафедрасының аға оқытушысы доктор Надим Халидтің дәрісімен жалғасты.
Доктор Халид корпоративтік және академиялық салаларда 15 жылдан астам тәжірибеге ие. Ол Ұлыбритания, БАӘ, Малайзия, Қазақстан, Сингапур және Пәкістанда кәсіпкерлік, инновациялар, көшбасшылық және қызмет көрсетуді басқару бағытында білім беру бағдарламаларын әзірлеп, оқытқан. Өз мансабында ол түрлі елдердің жоғары оқу орындарында басшылық қызметтер атқарып, білімді таратудың сарапшысы ретінде танылды.
Ол кәсіпкерлік бойынша философия докторы (PhD), менеджмент магистрі және іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежелерінің иегері. Сонымен қатар, Оксфорд университетінің жасанды интеллект бағдарламасын тәмамдап, менеджмент пен бизнес бойынша сертификатталған оқытушы (CMBE) және Жоғары білім беру академиясының мүшесі (FHEA) болып табылады.
Кездесу барысында доктор Халид жасанды интеллекттің болашағы зор екенін айта отырып, оны тек көмекші құрал ретінде қабылдау қажеттігін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, ИИ-ді сүзгіден өткізіп, сыни тұрғыда бағалау керек, оған толық сенім артуға болмайды. Дұрыс әрі жауапты қолданылған жағдайда ғана ол бизнеске, білім беру саласына және күнделікті өмірге нақты пайда әкелмек.
Кездесу жылы әрі ашық атмосферада өтті, қатысушылар жаңа идеялармен, практикалық кеңестермен және кәсіби қызметінде шабыт беретін тың көзқарастармен бөлісті.





