Skip to main content

29 тамыз күні Тәуелсіздік сарайында еліміздің көрнекті ғылыми, қоғамдық және мемлекеттік қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтті.

Салтанатты рәсім барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге сіңірген еңбегі үшін бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табыс етті.

Марапатталғандардың қатарында Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры Әубәкірова Индира Оралқызы «Құрмет» орденімен наградталды. 🏅

Бұл жоғары марапат - кәсібиліктің, адалдықтың және заңнама мен құқықтық ғылымды дамытуға, мемлекеттің институционалдық жетілдірілуіне қосқан зор үлестің айқын дәлелі. ⚖️

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтының ұжымы Әубәкірова Индира Оралқызын осы лайықты наградасымен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, толағай табыс пен ел игілігі жолындағы жаңа жетістіктер тілейді.🌟🇰🇿