Құрметті оқырмандар! Сіздердің назарларыңызға 2025 жылғы тамыз айындағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістерге шолу ұсынамыз.
Қаржы нарығы, қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 19 шілдедегі №110-р өкіміне сәйкес, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын дамыту, қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау, байланыс және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы мынадай нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
- Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы.
- Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң ережесiн және құрылымын бекiту туралы 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1271 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2008 жылғы 24 сәуірдегі №387 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қаржы ұйымдарының қызметін реттеу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасындағы банк және микрокаржылық қызмет мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы №137 «Қаржы ұйымдарының қаржы өнімдерін бекітуі туралы қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органды хабардар ету қағидаларын, сондай-ақ хабарламаға қоса берілетін құжаттардың тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы № 272 «Қадағалап ден қою шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 12 қарашадағы №189 «Уәжді пайымдауды қалыптастыру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы №217 Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі №82 «Микрокредит беру шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шiлдедегi № 84 «Банктік қарыз шартының талаптарына өзгерістерді қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 26 мамырдағы № 27 «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты жасасу қағидаларын және оның үлгілік нысанын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 6 тамыздағы №50 «Мерзімді әскери қызметке шақырылған әскери қызметшілер туралы, сондай-ақ олардың қызметтен босатылуы, банк қарызының немесе микрокредитінің бар-жоғы, банк қарызы шарты немесе микрокредит беру шарты бойынша төлемді кейінге қалдыру туралы мәліметтермен алмасу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы №55 «Жеке тұлғаға банк қарызын немесе микрокредитті беруге жұбайының (зайыбының) келісімін алу қағидаларын, сондай-ақ жеке тұлғаға банк қарызын немесе микрокредитті беруге жұбайының (зайыбының) келісімі талап етілетін банк қарызының немесе микрокредиттің ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына салатын инвестицияларының мөлшерін және банктің немесе банк холдингінің ұйымдардың жарғылық капиталына салатын жиынтық инвестицияларының мөлшерін белгілеу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының «Микрокредиттерді беру, ақпаратты ашып көрсету және микрокаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың микрокредиттер беру процесінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Төлемдер мен ақша аударымдары мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының кейбір қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Алаяқтық белгілері бар төлем операциялары бойынша деректер алмасу орталығының (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің антифрод-орталығы) қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2018 жылғы 27 сәуірдегі №70 «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарын сату және сатып алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 11 қарашадағы №178 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ерекше реттеу режимін енгізуі және оның күшін жоюы, қаржы ұйымдары болып табылмайтын төлем ұйымдарының және (немесе) өзге заңды тұлғалардың ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыруы қағидаларын, Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды іріктеуі өлшемшарттарын және оларды қарау қағидаларын бекіту туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 28 ақпандағы № 218 «Соттан тыс банкроттық рәсімін қолдану» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын және нысандарын бекіту туралы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Қазақстан Республикасының азаматтарының төлеу қабілетін қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік басқару саласындағы жетекшілік қызметті жүзеге асыратын уәкілетті органның қаржылық басқарушысына ақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің «Банкроттық рәсімінің жүргізілу барысы туралы ағымдағы және сұратылған ақпараттың нысандары, сондай-ақ оны ұсыну қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» бұйрығы.
Банктік қызмет, республикалық бюджет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылға арналған заң жобаларын дайындау жоспарын орындау мақсатында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 27 желтоқсандағы №1132 қаулысымен бекітілген, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасы Парламентіне мына заң жобалары енгізілетін болады:
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы»;
«Қаржы нарығын реттеу және дамыту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
«2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы»;
«2026–2028 жылдарға республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалардың бюджеттері, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы».
Қазақстан Республикасының Территориялық қорғанысы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының территориялық қорғанысы туралы» Заңын қабылдауына байланысты, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 21 шілдедегі №111-р тапсырмасымен бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу жүктелді:
Қазақстан Республикасының Президентінің «Қазақстан Республикасының территориялық қорғанысын ұйымдастыру жүйесін бекіту туралы» Жарлығы;
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы Ережені бекіту туралы 1999 жылғы 1 сәуірдегі №2922 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының территориялық қорғанысын дайындау және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының территориялық қорғанысына жататын нысандар тізбесін бекіту туралы» қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының тасымалдау жолдарын техникалық жабу қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысына толықтырулар енгізу туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы 2022 жылғы 2 маусымдағы №357 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы №868 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері туралы 2005 жылғы 22 маусымдағы №607 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2023 жылғы 4 қазандағы №862 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасы Индустрия және құрылыс министрлігінің кейбір мәселелері туралы 2023 жылғы 4 қазандағы №864 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі пайдаланатын кірме жолдарды пайдалану, қызмет көрсету, ұстау, жөндеу және құрылысты жоспарлау қағидаларын бекіту туралы бірлескен бұйрық;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Жол қатынастарына қойылатын әскери-техникалық талаптарды бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Әскери қатынас органдары туралы ережені бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасының территориялық қорғанысы саласында тексерулер тағайындау туралы актілерді есепке алу журналын жүргізу тәртібі мен нысандарын бекіту туралы» бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабы туралы ережені бекіту туралы» 2019 жылғы 3 желтоқсандағы №990 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерінің аумақтық органдарын қамтамасыз ету және ұстау қағидаларын бекіту туралы» 2019 жылғы 1 тамыздағы №595дсп бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрығы;
Қазақстан Республикасының Көлік министрінің «Меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылармен әскери тасымалдарды орындау және ресімдеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №582дсп бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы бұйрығы;
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктерінің «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың территориялық қорғаныс нысандарының тізбесін бекіту туралы» қаулылары.
Азаматтық қорғаныс
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 шілдедегі №108-р өкімімен азаматтық қорғау мәселелері бойынша қабылдануы жоспарланған нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бекітілді:
Қазақстан Республикасы Президентінің «Ғаламдық және өңірлік ауқымдағы төтенше жағдайларды және олардың салдарын жою жөніндегі Республикалық жедел штаб туралы ережені бекіту туралы» Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларын бекiту туралы 2006 жылғы 25 мамырдағы №124 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның туы мен нышанының, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының туларын, азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік туларын сипаттауын бекіту туралы 2017 жылғы 15 қыркүйектегі №549 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 желтоқсандағы № 61 «Төтенше жағдайлардың табиғи және техногендік сипаттағы алдын алу және жою функцияларын жүзеге асыратын құқық қорғау органдары мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің ант мәтінін, Қазақстан Республикасының мемлекеттік фельдъегерлік қызметін және оның қабылдау тәртібін бекіту туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарын күшін жою туралы» Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлығы.
Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің лауазымдарының тізбесін бекіту туралы қаулы, оған қызмет бабымен орын ауыстыру кезінде көтерме жәрдемақы, көлік шығындарын өтеу және жеке мүлкін тасымалдау құқығы берілген;
Еңбек қызметімен байланысты емес және қауіпті өндірістік нысандағы апаттарда, олардың нәтижесінде бес және одан да көп адам қаза болған жағдайда, апаттарды тергеу үшін үкіметтік комиссия құру ережесін бекіту туралы қаулы;
Төтенше жағдайларды жоюға байланысты жұмыстарды орындау үшін жеке және заңды тұлғалардың көлігін пайдалану шығындарын өтеу ережесін бекіту туралы қаулы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазан № 1192 "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілде № 859 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару, жою, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарларды сату қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілде № 860 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын басқару қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы.
2014 жылғы 31 шілде № 865 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттеріне шығындарды өтеу, сондай-ақ төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, олардың салдарын жою, нарыққа реттеуші ықпал ету, босқындарға көмек көрсету және гуманитарлық көмекті қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалануға кеткен шығындарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2014 жылғы 19 қыркүйек № 994 «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2014 жылғы 17 қазан № 1108 «Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту және брондау тәртібімен шығаруға қатысты қағидаларды бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2014 жылғы 19 желтоқсан № 1357 «Азаматтық қорғаныс объектілерін құру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2015 жылғы 4 наурыз № 108 «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2016 жылғы 18 ақпан № 78 «Қызметкерлер мен олардың бірге тұратын отбасы мүшелерінің, құқық қорғау органдары зейнеткерлерінің, сондай-ақ қызметтік міндеттерін орындау барысында қаза тапқан қызметкерлердің кәмелетке толмаған балаларының медициналық және емдеу-сауықтыру қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2017 жылғы 18 ақпан № 81 «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы.
2019 жылғы 8 қазан № 743 «Гуманитарлық көмек көрсетудің ережелерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы;
2020 жылғы 23 қазан № 701 «Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
2022 жылғы 2 маусым № 357 «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережені бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерін күшін жою туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 15 маусымдағы № 472 «Әскери қызметшiлердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік органдар және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың пайдасына 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін бюджет қаражаты есебінен аударылған міндетті зейнетақы жарналары сомасының 50 пайызын қайтару қағидаларын бекіту туралы» қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 487 «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік органдардағы және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда оларға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жеңілдіктерді сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 22 маусымдағы № 412 қаулысының күші жойылды деп тану туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшiлердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерiнің, сондай-ақ әскери немесе арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдардың және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдардың еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысына толықтыру енгізу туралы қаулысы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Әскери қызметшiлерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киiм киiп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға және Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарындағы медициналық лауазымдары 2022 жылғы 1 шілдеден және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қысқартылған, лауазымы қысқартылған кезде еңбек сіңірген жылдары үзіліссіз әскери қызметте, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметте, мемлекеттік фельдъегерлік қызметте кемінде он екі жыл және алты ай болған адамдар қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторлары мен мекемелерінде орналасқан медициналық ұйымдарда жұмысын жалғастырған жағдайда, осындай адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерiн тағайындау және жүзеге асыру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» 2023 жылғы 29 тамыздағы № 734 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы қаулысы.
«Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыруға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Өрт автоматикасы жүйелерін монтаждау, ретке келтіру және техникалық қызмет көрсету қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларға қойылатын рұқсат беру талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Объектінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Өртке қарсы қорғау бойынша белгіленген нормалар мен қағидалар болмаған жағдайда объектілердің ерекшелігін ескеретін арнайы техникалық шарттарды келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Объектіні пайдалануға беру алдындағы оның өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерін казарма жағдайында және (немесе) карантиндік іс-шараларға қатысу кезінде азық-түлікпен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Өрт қауіпсіздігі саласында сақтандыруға жататын, екі мың шаршы метрден асатын аумағы бар адамдар көп жиналатын объектілердің тізбесін, сондай-ақ үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіргені үшін адамдар көп жиналатын объектілердің иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Төтенше жағдайларға ден қою кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдардың басқару және өзара іс-қимыл алгоритмін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрі мен Төтенше жағдайлар министрінің бірлескен бұйрығы.
«Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Өндірістік бақылау қызметтерінің лауазымды адамдарының санына қойылатын нормативтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Талаптарды бұзған жағдайда жедел ден қою шаралары қолданылатын өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының тізбесін, сондай-ақ нақты бұзушылықтарға қатысты жедел ден қою шараларының түрлерін және (қажет болған жағдайда) олардың қолданылу мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тексеруді тағайындау, жүргізу нәтижелері, ұзарту, тоқтата тұру, қайта бастау, қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама актілері нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Соғыс уақытында эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Бейбіт уақытта эвакуациялық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғауды бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлеріне ақшалай қамтылым, жәрдемақы және өзге де төлемдерді төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне хабарлануы тиіс өмірге қауіп төндіретін таулы, су айдындарында және спелеологиялық нысандарда орналасқан, қолжетімсіз жерлердің тізбесі мен оларды хабарлау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Сейсмологиялық мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Сейсмикалық аудандастыру (бөлектеу) және сейсмикалық қауіп карталарын әзірлеу мен қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Соғыс немесе төтенше жағдай кезеңінде, террористік операция жүргізу кезінде немесе табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай жарияланған жерде төтенше жағдайларды жою немесе өрт сөндіру міндеттерін орындау кезінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің қызмет өтілін есептеу және ақшалай қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын ұстауға арналған қаражат есебінен тамақтандыру шығындарын өтеу арқылы, тәуліктік кезекшілік атқару кезінде және авариялық-құтқару және жедел жұмыстар кезеңінде құтқарушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілерінің сыныптық біліктілігін айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Азаматтық қорғау органдары қызметкерлері мен оларға қарасты мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлеріне арналған арнайы үлгідегі формалық киім үлгілерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлар тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығы.
«Мобилизациялық тапсырманы орындауға қажетті тауарлардың тізбесін айқындау және олардың көлемін есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің бұйрығы.
«Халық үшін қауіп төндіретін гидротехникалық құрылыстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің бұйрығы.
Мақсатты капиталы бар қорлар және эндаумент-қорлар
Қазақстан Республикасының «Мақсатты капиталы бар қорлар және эндаумент-қорлар (мақсатты капиталдар) туралы» Заңының қабылдануына байланысты, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 24 шілдедегі № 118-р өкімімен бірқатар нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу тапсырылды:
Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы № 203 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 866 «Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына толықтыру енгізу туралы»;
«Эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) активтері есебінен бір тұлға мен мақсатты капитал қорының аффилирленген тұлғалары шығарған (берілген) қаржы құралдарына (ақшадан басқа) салынатын жиынтық инвестиция мөлшерін белгілеу, эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарының тізбесін бекіту, эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) активтерінің құрамына кіре алатын қаржы құралдарын басқару қағидаларын, басқарушы компанияларды (фидуциарларды) басқару қағидаларын, сондай-ақ эндаумент-қордың (мақсатты капиталдың) таза активтері мен активтерінің құнын есептеу және айқындау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысы;
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті туралы ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 15 қыркүйектегі № 45 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы;
«Мақсатты капиталы бар қордың үлгілік жарғысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің бұйрығы.
Мемлекеттік мүлікті басқару
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің 2025 жылғы 12 шілдедегі № 108-р өкіміне сәйкес мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы;
«Мемлекет жалғыз қатысушысы болып табылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде бақылау кеңестері құрылатын жағдайларда қойылатын критерийлерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы;
«Бақылау кеңесін құру және тарату қағидаларын, бақылау кеңесінің құрамына сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптарды, сондай-ақ бақылау кеңесінің мүшелерін конкурстық іріктеу тәртібін және олардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы;
«Ұлттық әл-ауқат қоры мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорын қоспағанда, мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен құрылған заңды тұлғаларға қатысты кейбір мәселелер туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығы.
Байланыс
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 19 шілдедегі № 110-р өкіміне сәйкес, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірқатар бұйрықтар әзірленетін болады:
«GSM-шлюздарды (SIM-бокстарды) әкелу, тіркеу (қайта тіркеу), өткізу және қолдану қағидаларын бекіту туралы»;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 24 ақпандағы № 171 «Байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 119 «Телекоммуникация желілерін қосу және өзара әрекеттесу қағидаларын, соның ішінде трафикті өткізу және өзара есеп айырысу тәртібін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы».
Мал шаруашылығын субсидиялау
2024 жылғы 28 маусымдағы № 512 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген 2024 - 2028 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қой шаруашылығын субсидиялаудың жаңа түрлерін енгізуге және селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстардың сапасына бақылау жүргізудің қосымша тетіктерін енгізуге қатысты бірқатар бұйрықтар қабылдайтын болады:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Тұқымдық мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 15 наурыздағы № 108 «Тұқымдық мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»;
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 748 қаулысымен бекітілген 2023–2025 жылдарға арналған балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау, суицидтің алдын алу және олардың құқықтары мен әл-ауқатын қамтамасыз ету кешенді жоспарын іске асыру аясында, балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсету үшін психиатр-дәрігерлерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыстың көлемін арттыру туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығы қабылданатын болады.
Сейсмология саласындағы ғылыми зерттеулер
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 2 шілдедегі № 526 қаулысымен бекітілген 2024–2028 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сейсмология саласын дамыту жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, ағымдағы жылғы тамыз айында сейсмология және сейсмотұрақты құрылыс саласындағы іргелі ғылыми зерттеулерді жүргізу бөлігінде «Ғылым туралы» Заңға өзгерістер әзірленетін болады.
Ойын бизнесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 432 қаулысымен бекітілген 2024–2026 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы заңсыз ойын бизнесіне және лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес, Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі ойын және лотерея бизнесі субъектілерінің, дәрігерлердің, психологтардың, бағдарламашылардың қатысуымен жауапты ойын қағидаттарын ілгерілету жөніндегі Кеңес құру туралы бұйрық әзірлейтін болады.