📌 28 тамыз күні Қазақстан Республикасының Конституциясының 30 жылдығына арналған Халықаралық конференция аясында Әділет министрлігі, Заңнама және құқықтық ақпарат институты Конституциялық Сотпен және Президенттік орталықпен бірлесіп «Теңдіктің, құқықты қорғаудың және сот төрелігіне қол жетімділіктің конституциялық кепілдіктері» тақырыбында сессия өткізді.
⚖️ Алғашқы сөзді Әділет министрі Ерлан Жақсылықұлы Сарсембаев алып: «Әділ сотқа қол жеткізу әр азамат үшін ашық әрі әділ болуы тиіс, әсіресе цифрландыру жағдайында» - деп атап өтті.
Сессия модераторлары - Институт директоры Индира Ураловна Аубакирова мен Конституциялық Сот Төрағасының орынбасары Бақыт Маратович Нұрмұханов. Өз сөзінде Индира Ураловна Конституцияның адам құқықтары мен бостандықтарының басты кепілі екенін атап өтіп, әділ сотқа қол жеткізу құқықтық мемлекеттің іргетасы әрі қоғамның билік институттарына сенімінің кепілі екенін ерекше айтты.
🌍 Сессия жұмысына Қазақстан, Армения және Өзбекстан конституциялық соттарының төрағалары, ЕАЭО Соты, ТМД Экономикалық Соты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы өкілдері, сондай-ақ Тәжікстан, Тайвань, Германия және Ресей елдерінің жетекші ғалымдары мен сарапшылары қатысты.
✨ Бұл сессия сот органдарының, ғылыми қауымдастық пен құқық қорғау институттарының жоғары өкілдерін біріктірген маңызды халықаралық диалог алаңына айналды.