📘 Астанада маңызды ғылыми еңбектің тұсаукесері өтті!
«Қазақстан Республикасының Конституциясы. 2022 жылғы 8 маусымдағы және 17 қыркүйектегі заңдармен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға баптар бойынша түсініктеме» атты кітаптың екінші басылымы жарық көрді.
Бұл басылым Жиенбаев Е.Н. жалпы редакциясымен дайындалған. Авторлары – белгілі заңгер-ғалымдар мен практиктер: Башимов М.С., Аубакирова И.У., Оңғарбаев Е.А., Абдрасулов Е.Б.
📖 Еңбекте конституциялық реформалардың мәні мен маңызы жан-жақты талданып, әр бапқа түсініктеме берілген. Басылым заңгерлерге, мемлекеттік қызметшілерге, студенттерге және Конституция дамуына қызығушылық танытқан барша оқырмандарға арналған.


