Заңнама институтында Coffee Talk форматындағы кездесулер жалғасуда.
Бүгінгі қонағымыз – Асхат Мұқашев Қайырбекұлы, ТМД ПА Кеңесі Бас хатшысының орынбасары, ҚР Парламентінің өкілетті өкілі болды.
Бейресми әрі еркін жағдайда заң шығармашылығындағы заманауи мәселелер ⚖️, халықаралық тәжірибе алмасу 🌍 және ынтымақтастықты нығайту келешегі талқыланды.
Асхат Қайырбекұлы Институттың ғылыми-зерттеу және сараптамалық қызметінің құқықтық жүйені дамыту мен сапалы заңнаманы қалыптастырудағы маңызын атап өтті 📚.
Мұндай кездесулер ашық диалог орнатып 🤝, кәсіби көкжиегімізді кеңейтіп, құқық үстемдігі құндылықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.