Skip to main content

Лингвистика орталығы (бұдан әрі - Орталық) «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Институт) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Орталық өз қызметін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Институттың Жарғысына, Регламентіне және өзге де ішкі актілеріне сәйкес жүргізеді.

 

Орталықтың негізгі міндеттері:
  • заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
  • мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласы бойынша іргелі және қолоданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу.

 

Орталықтың функциялары:
  • заңнамалық актілердің жобалары және Қазақстан Республикасы қатысушы болуға ниетті халықаралық шарттар, сонымен бірге, халықаралық шарттардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жұмыстарын ұйымдастыру;
  • Орталықтың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уәкілетті органмен және өзге де мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • ғылыми лингвистикалық сараптама аясында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қосқанда, ғылыми зерттеу мен өңдеу жүргізеді;
  • заңнамалық актілердің, заң жобалары мен халықаралық шарттардың олардың теңтүпнұсқалылығын қамтамасыз ету және мемлекеттік тілдегі заң терминдерін бірізді қолдану бөлігінде лингвистикалық сараптамасының сапасын арттыру бөлігінде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау;
  • Орталықтың құзыреті аясында іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу (конференциялар, семинар-отырыстар, практикалық семинарлар);
  • Институт Жарғысында көзделген өзге де функциялар.

 

Орталық басшысының қ.а. - Сыздық Болат Кенелұлы

Байланыс:

Тел.: +7(7172) 26-61-07

E-mail: syzdyk.b@zqai.kz