2022 жылдың 28 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, з.ғ.к. Сәрпеков Рамазан Құмарбекұлының төрағалығымен онлайн-офлайн форматта Ғылыми кеңестің отырысы өтті.
Отырыста жыл қорытындысы бойынша ғылыми мақалаларды екіжақты жасырын «соқыр» рецензиялауға қатысатын «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Жаршысы» ғылыми-құқықтық журналының сыртқы рецензенттерінің сапалы жұмысы атап өтілді. Рецензенттер жұмыс істейтін жоғары оқу орындары басшыларының атына салтанатты түрде табыс етуді сұрап және одан әрі жемісті ынтымақтастық тілей отырып, алғыс хаттар жолданды.
2022 жылға арналған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының орындалу қорытындылары тыңдалды және талқыланды. 2023 жылға арналған іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламалары бекітілді. Ғылыми кеңес жұмысының қорытындылары қаралып, оның 2023 жылға арналған жоспары бекітілді.
Жұмыс көлемінің сандық мәнде өскені байқалды. Ғылыми қызметті одан әрі дамыту векторлары белгіленді. Институттың 2023 жылға арналған Ғылыми зерттеу және заң жобалау жұмысының жоспары бекітілді.
Жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бойынша талдамалық есептер, ғылыми басылымдар мақұлданды және жариялауға ұсынылды.