ЗҚАИ қызметкерлері «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың жаңа тұжырымдамаларын әзірлеу» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты

You are here

    
 
 
25 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ғимаратында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің ұйымдастыруымен «Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтың жаңа тұжырымдамаларын әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық ұғымдарын, сондай-ақ олардың қазіргі жағдайдағы арақатынасын анықтау. Әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық тұжырымдамасы пікірталас үшін жаңа тақырып емес, бұған үнемі ғылыми даулар дәлел бола алады. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылауда өзектіліккке ие болды.
Дөңгелек үстелдің жұмысын Қазақстан Республикасының Әділет министрі А.Н. Есқараев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Дөңгелек үстелдің жүргізушісі Әділет вице-министрі Л.К. Мерсалимова тақырыптың айрықша маңыздылығын атап өтіп, реттеу мәселелері мен перспективаларына аса мән берді.
Дөңгелек үстел жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары М.С. Башимов, У.Ш. Шапақ, А.Т. Құспан, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, мемлекеттік, сот және құқық қорғау органдарының өкілдері, ғалымдар және басқа да қызығушылық танытқан тұлғалар қатысты.
Заңнама және құқықтық ақпарат институтынан қылмыстық, қылмыстық процестік және қылмыстық атқару заңнамасы бөлімінің қызметкерлері 
С.С. Қаржаубаев, С.М. Рахметов, Р.Т. Нұртаев, А.Н.Ахпанов қатысты.
Бөлімнің БҒҚ, з.ғ.д., профессор С.М. Рахметов өз сөзінде қылмыстық және әкімшілік кодекстерде нормалардың қайталануында проблемалардың бар екендігін атап өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылар іс-шара барысында келіп түскен баяндамалар мен ұсыныстарды тыңдап, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылық тұжырымдамаларын анықтауда тұжырымдамалық тәсілдің қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.