Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты 2024 жылғы 1-ші тоқсан бойынша Заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтамалар жинағын шығарды.
Жинаққа әртүрлі заң салаларындағы тиімділікті талдау нәтижелері енгізілді, мысалы:
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау:
Еңбек жағдайларын жақсарту және өндірістік жарақаттардың деңгейін төмендету бойынша құқықтық нормалар мен ұсыныстарды талдау. Талдау барысында заңнаманы жетілдіруге бағытталған 44 ұсыныс жасалды, оның ішінде қайшылықтарды, коллизияларды, олқылықтарды, қайталануларды және т.б. жою.
Байланыс қызметтерін көрсету:
Байланыс саласындағы қолданыстағы заңнаманы бағалау және халыққа қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша ұсыныстар. Байланыс қызметтерін көрсету саласындағы заңнаманың тиімділігін талдау нәтижелері бойынша 33 ұсыныс жасалды.
Кәсіпкерлік субъектілерін өзін-өзі реттеу:
Кәсіпкерлік бірлестіктердің қызметін реттейтін нормативтік актілерді зерттеу және оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу. Талдау барысында ҚР АК-мен «Өзін-өзі реттеу туралы» заң арасындағы қайшылықтар, терминдерді дұрыс пайдаланбау, дұрыс емес НҚА-ға сілтемелер, басқа заңнамалық актілердің ережелерін қайталау анықталды. Өздігінен реттелетін ұйым мүшелерінің жауапкершілігі және принциптеріне қатысты кейбір ережелер реттелмеген. 3 заңнамалық актіні талдау нәтижесінде 23 ұсыныс жасалды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс:
Әлеуметтік жобаларға бюджет қаражатын бөлу және пайдалану тиімділігін талдау және рәсімдерді оңтайландыру бойынша ұсыныстар. Талдау нәтижелері бойынша 15 ұсыныс жасалды.
Өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу:
Қолданыстағы құқықтық базаны бағалау және қалдықтарды басқаруды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу (медициналық, биологиялық және радиоактивті қалдықтардан басқа). Өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару саласындағы заңнама саласы бойынша 6 заңнамалық актіні талдап және осы НҚА талдау нәтижелері бойынша 25 ұсыныс жасалды.
Талдамалық анықтамалар нақты салалардағы заңнаманың тиімділігін арттыруға бағытталған ғылыми негізделген тұжырымдамалық ұсыныстарды қамтиды.
Жинақ мемлекеттік органдарға, қоғамдық және ғылыми ұйымдарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарына арналған.