Маңғыстау облысы бойынша ЗҚАИ филиалының жаналықтары

You are here

  
 
 
2024 жылғы 1 шілдеде Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының Маңғыстау филиалының директоры қызметін жауапкершілікпен атқарып,адал еңбек етіп, кәсіпорынның дамуына және өркендеуіне үлкен үлес қосқаны  үшін Қуаныш Аяпберген Аяпбергенұлына  Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының директоры Р.К. Сәрпековтың грамотасы табыс етілді. 
Қуаныш Аяпберген Аяпбергенұлы 2015-2019 жылдары «Республикалық құқықтық ақпарат орталығында» директордың орынбасары лауазымын атқарған. 
2019-2024 жылдары «Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының» Маңғыстау облыстық филиалының директоры болып қызмет атқарды. 
Ақылман басшы және ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы, еңбекте беделді маман.
Институт ұжымы Қуаныш Аяпбергенұлына атқарған жұмыстары үшін алғыс білдіріп, жаңа орында табыс тілейді!