ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

You are here

 
Құрметті әріптестер, БАҚ қызметкерлерінің күніне орай белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Лингвистика орталығының бас ғылыми қызметкері Құдайберген Жұмаханұлы Тұрсынға Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 25 маусымдағы Жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы берілді. 
  «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк наградалары туралы» Заңға мұндай құрметті атақ азаматтарға жемiстi мемлекеттiк және қоғамдық қызметте Республикаға сiңiрген еңбегiнiң танылуының белгiсi ретiнде беріледі. Бұл атақты Қазақстан Республикасының Президентi береді. 
  Құдайберген Жұмаханұлын жоғары атағымен құттықтай отырып, зор денсаулық, шығармашылық табыстар тілейміз!