Құттықтаймыз!

You are here

  
 
  
 
  
 
 
Бүгін, 2025 жылғы 21 қаңтарда Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімінің басшысы Ахметов Ерік Булатұлы философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін диссертациясын сәтті қорғады. 
Диссертацияның тақырыбы: «Әкімшілік сот ісін жүргізудегі сот рөлінің белсенділігін арттыру қағидалары (теория және тәжірибе мәселелері». Өз зерттеуінде автор Қазақстанда құқық қолдану практикасын дамыту үшін маңызды болып табылатын әкімшілік процестердегі соттың белсенді рөлін іске асыру бойынша теориялық негіздеме мен практикалық ұсыныстарды ұсынды.
Жұмыстың ресми рецензенттері Тайторина Бинур Адамовна – заң ғылымдарының докторы, КЕАҚ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих және құқық институтының құқықтану кафедрасының профессоры (Алматы қ., Қазақстан Республикасы) және Исаева Айнур Женисовна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, Қонаев ғылыми-зерттеу университетінің проректоры (Қызылорда қ., Қазақстан Республикасы). Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерінің қатарына Жетписов Серик Кожанович –  заң ғылымдарының докторы, профессор, КЕАҚ «Торайғыров университеті» заң факультетінің құқықтану кафедрасының меңгерушісі (Павлодар қ., Қазақстан Республикасы), Енсебаева Анель Рахметжановна – заң ғылымдарының кандидаты, «ҚР ЕҚЖРҒЗИ» ШЖҚ РМК Әлеуметтік-құқықтық зерттеулер бөлімінің басшысы (Астана қ., Қазақстан Республикасы) және Юхневич Эдвард – заң ғылымдарының докторы, Гданьск университетінің Құқық және әкімшілік факультетінің Қаржы құқығы кафедрасының профессоры (Гданьск қ., Польша Республикасы) кірді.  
Жұмыстың ғылыми кеңесшілері Абдрасулов Ермек Баяхметович – заң ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан Республикасы) және Цолль Фридерик – заң ғылымдарының докторы, Ягеллон университетінің заң факультетінің профессоры (Краков қ., Польша Республикасы).
Қорғау Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесінің отырысында аралас форматта (онлайн және офлайн) өткізілді
Отырыс қорытындысы бойынша диссертациялық кеңестің мүшелері бірауыздан Ахметов Ерік Булатұлына «8D04201 – Құқықтану» Білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы шешім қабылдады.