Кәсіпорын директорының Алматы қаласы бойынша "ЗҚАИ" ШЖҚ филиалына жұмыс сапары.

You are here

  
 
 
2024 жылғы 14 Мамырда кәсіпорын директоры Р.К.Сарпеков Алматы қаласы бойынша "ЗҚАИ" ШЖҚ филиалына жұмыс сапарымен барды, онда ол филиал ұжымымен кездесіп, өңірдегі жұмыстың аса маңызды аспектілерін, даму перспективаларын, проблемаларды талқылады. Кездесу барысында директор Ғылыми кеңестің 2023 жылғы 29 маусымдағы шешіміне (№2 хаттама) сәйкес кәсіпорын ардагері Степанова Валентина Алексеевнаға "РҚАО" РМК бірінші басшысы ЗҚАИ құрметті профессоры дипломын табыс етті.
Степанова Валентина Алексеевна кәсіпорынның бастауында болды, құқықтық ақпараттандырудың қазақстандық моделінің идеялық шабыттандырушысы және жасаушысы, "Заң" дерекқорының, ҚР нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінің, бірқатар ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық қамтамасыз етудің, оның ішінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуіне арналған авторлардың бірі. ҚР Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығының бірінші басшысы, әділет органдарының ардагері. Еңбек жолын 1977-1993 жылдары Әділет министрлігінде, 1993-2006 жылдары ҚР ӘМ "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" РМК басқарды. Кәсіпорындағы жұмыс кезеңінде В. А. Степанова өзін жоғары білікті маман және талантты басшы ретінде көрсетті, қызметкерлерге тәжірибелі тәлімгер бола отырып, өзіне және қарамағындағыларға талаптар қоя білді.