ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Ғылыми кеңесінің кезекті отырысы өтті

You are here

    
 
 
 
2024 жылғы 28 маусымда з.ғ.к., Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, директор Р. Қ. Сәрпековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының Ғылыми кеңесінің (бұдан әрі – ҒК, Кеңес) кезекті отырысы өтті.
ҒК күн тәртібіне келесі мәселелер енгізілді:
- Ғылыми Кеңестің құрамын өзгерту туралы.
- 2024 жылғы 2 тоқсандағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер бағдарламаларының орындалу барысы туралы (аралық есептер).
- «ЗҚАИ Жаршысы» журналының редакциялық саясатын жетілдіру жөніндегі «Жол картасы». 
- 2024 жылға арналған ЗҚАИ ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарының «Конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру» 7-бөлімінің орындалуы бойынша ақпарат.
- К.Е. Исмагуловтың «ТМД елдеріндегі қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» монографиясы мен Е.С. Бычкованың «Бизнестің норма шығару процесіне тиімді GR құралы ретінде қатысуы: заңнамалық реттеу және Қазақстан Республикасындағы практиканың ерекшеліктері» қолжазбасының ұсынымы туралы. 
- Өзгелері.
Талқылау қорытындысы бойынша кадрлық ауысуларға байланысты Ғылыми Кеңестің құрамын өзгерту туралы шешім қабылданды. ҒК отырысы барысында 2024 жылдың 2 тоқсанындағы ЗҚАИ бейіндік бөлімдерінің іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің (бұдан әрі – ІжҚҒМ) аралық қорытындылары, «ЗҚАИ Жаршысы» журналының редакциялық саясатын жетілдіру жөніндегі «Жол картасы» бойынша ақпарат, 2024 жылға арналған ЗҚАИ ғылыми-зерттеу жұмыс жоспарының «Конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, семинарларға және өзге де іс-шараларға қатысу және ұйымдастыру» 7-бөлімінің орындалуы бойынша ақпарат қаралды. 
ҒК мүшелері К.Е. Исмагуловтың «ТМД елдеріндегі қылмыстық процеске қатысушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» монографиясы мен Е.С. Бычкованың «Бизнестің норма шығару процесіне тиімді GR құралы ретінде қатысуы: заңнамалық реттеу және Қазақстан Республикасындағы практиканың ерекшеліктері» қолжазбасын талқылап, жариялауға ұсынды. 
Сондай-ақ Ғылыми Кеңестің отырысы барысында ЗҚАИ аккредитацияға дайындығы, ІжҚҒМ нәтижелері бойынша ғылыми ұсынымдардың мониторингі және ғылыми-зерттеу жұмысының талдамалық есебін міндетті түрде жариялау туралы ақпарат талқыланды.