2024 жылғы 14 мамырда Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкім аппараты ұйымдастыруымен ҚР ӘМ «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» Ақтөбе облысы бойынша филиалы және Ақтөбе облысы Әділет департаменті Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімінің мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға Ақтөбе қаласының мемлекеттік басқару органдары өкілдері қатысты.
Қатысушыларға нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу, мемлекеттік тіркеудің өзекті мәселелері мен проблемалық мәселелері, ҚР нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тізілімі қалай жүргізілуі туралы, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді Эталондық бақылау банкіне жариялау мерзімдері және жолдау тәртібі түсіндіріліп, нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде жиі кездесетін қателіктер талқыланды. Іс-шара барысында түсіндірмелер мен қатысушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Жаңартылған күні: 15 мамыр 2024 - 16:36