Институт қабырғасында ақпараттық жүйелерді жаңғырту мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

You are here

  
 
  
 
 
Күні кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда жасанды интеллект (AI) дамуы бойынша сарапшылармен кездесуде сөз сөйледі. Институт директоры Қазақстан алдында тұрған басымдықтардың қатарында Мемлекет басшысы ақпараттандыруды көрсеткенін атап өтті. Осы бағытты жүзеге асыру мақсатында Институтқа (ЭКБ НҚА, «Әділет» АҚЖ және Заң) ақпараттық жүйелерін жаңғырту міндеті жүктелді. Ағымдағы жағдайды саралап, даму перспективаларын анықтау мақсатында вице-министр Бекболат Серікұлы Молдабеков Институт қабырғасында кездесу өткізуге бастамашы болды. Азаматтардың түрлі заң қызметтеріне қол жеткізуін жеңілдететін технологиялық инновацияларды енгізу мүмкіндіктері сындарлы түрде талқыланды.