Астана қаласы бойынша ЗҚАИ филиалының жаңалықтары

You are here

  
 
 
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының ғимаратында (Астана қ.) 2024 жылғы 3 мамырда «ZAN» деректер базасының онлайн-нұсқасымен жұмыс істеу бойынша семинар өтті. ОСК қызметкерлерін ҚР ӘМ «ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК Астана қаласы бойынша филиалының директоры С.И. Ахатов және оның орынбасары 
Ә.Қ. Бекішев оқытты. Семинар барысында қажетті құжаттарды жылдам іздеудің оңтайлы әдістері ұсынылып, табылған материалдарды пайдалану мүмкіндіктері көрсетілді.
Семинар өнімді атмосферада өтті. Қатысушылар өздерін қызықтырған барлық сұрақтарға толық жауап алды және алған білімдерінің жоғары практикалық құндылығын атап өтті.