Қазақстан Республикасының заңнамасын электронды түрде біріктіру және эталондық, сондай-ақ анықтамалық ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі (ҚАБЖ) құрылды.
Ол үшін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі ақпараттық жүйесі мен «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесі біріктірілді.
ҚАБЖ функционалдық мүмкіндіктері көрсетілген ақпараттық жүйелерде кез келген қажетті құжаттарды іздеу жүзеге асырады.
ҚАБЖ-ны іске қосумен бірге, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйенің интерфейсіне өзгерістер енгізілді және оның пайдаланушылық мүмкіндіктері кеңейтілді. Тіркелген пайдаланушыларға нормативтік құқықтық актілердің мәтіндеріне түсінік беру және бағалау бойынша функционалы енгізілді.