ҚР ЗҚАИ шетелдік заңнама институттарымен, құқықтық ақпарат орталықтарымен, ұлттық және халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ жоғары оқу орындарымен 60-тан астам келісімге қол қойды.
Біздің серіктестеріміздің қатарында «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ, «MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY» АҚ, Моңғолия әділет және ішкі істер министрлігі жанындағы Ұлттық құқықтық институт, Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институты, Беларусь Республикасының Ұлттық заңнама және құқықтық зерттеулер орталығы, GIZ Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы және т. б. бар.