Атқарушылық құжатты оңайлатылған іс жүргізуге қабылдаудың тәртібі қандай?

Электрондық нысанда келіп түскен атқарушылық құжаттың негізінде аумақтық орган осы Заңның 11-бабы 1-1-тармағының талаптарын сақтай отырып, атқарушылық іс жүргізудің мемлекеттік автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы оңайлатылған іс жүргізуді дереу қозғайды, ол жөнінде қаулы шығарылады және борышкер тиісті түрде хабардар етіледі (Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңының 10-2-бабының 1-тармағы).