Онлайн-курстың аңдатпасы: «Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізудің сұрақтары мен жауаптары».

2024 жылғы 27 қарашада 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «Оңайлатылған атқарушылық іс жүргізудің сұрақтары мен жауаптары» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.
Вебинарға қатысушы бола отырып, Cіз келесі сұрақтар бойынша ақпарат ала аласыз: оңайлатылған өндірістің ерекшеліктері, атқарушылық құжатты оңайлатылған өндіріске қабылдау тәртібі, оңайлатылған өндірісте мәжбүрлеп орындау шаралары, оңайлатылған өндірісте атқарушылық құжаттардың орындалу мерзімдері және т. б.
Вебинардың теориялық бөлімінен кейін қатысушылар тақырып бойынша қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алады.
Вебинар ҚР ӘМ «ЗҚАИ» ШЖҚ РМК YouTube арнасында өткізіледі.
YouTube арнасына сілтеме https://www.youtube.com/user/rkaokz.
15.00 – де вебинар мемлекеттік тілде өткізіледі.
16.00 – де вебинар орыс тілінде өткізіледі.
Алдағы онлайн-курс бойынша қосымша ақпаратты телефондар арқылы алуға болады: 119; 8 (7172) 58 00 58.