2024 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы 2 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мәселелерді талқылауға арналған дөңгелек үстел өткізеді.
Дөңгелек үстелге ғылыми және сараптамалық мекемелердің, жоғары оқу орындарының өкілдері, оның ішінде Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, КИМЭП Университеті, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті өкілдері шақырылды.
Бұл іс-шара – ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылған өзекті мәселелерді жан-жақты және кеңінен талқылауға арналған диалог алаңы.
Дөңгелек үстел қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі.
Өткізу нысаны: тікелей қатысу.
Іс-шара 2024 жылғы 23 қыркүйекте сағат 10:00-де Астана қ., Ә. Бөкейхан көшесі, 1А мекенжайында орналасқан Қазақстан Республикасының Президенттік орталығында өтеді.
Байланыс қызметкері: Каржаубаев Серик Сеитович (+7 702 536 63 10)