АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

2024 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен бірлесіп «Жасанды интеллект және құқық: Қазақстан Республикасының және шет елдердің тәжірибесі» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлауда.
Конференцияға қатысуға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, ҮЕҰ мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, көрнекті отандық және шетелдік ғалымдар, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу және пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылар шақырылды.
Конференция барысында жасанды интеллектті құқықтық реттеу, құқық пен жасанды интеллекттің арақатынасы, Қазақстанда және шет елдерде LegalTech индустриясын дамыту мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.
Өткізу форматы: аралас формат (ZOOM платформасы арқылы тікелей және сырттай қатысу).
Конференция Астана қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 57А мекенжайы бойынша орналасқан Qazpatent алаңында 2024 жылғы 24 мамырда 
сағат 15:00-де өтеді.
 
Байланыс ақпараты:
Қатысу үшін 2024 жылғы 15 мамырға дейін (қоса алғанда) https://forms.gle/8AE2gu44Ro4xwjCP8 сілтемесі бойынша конференцияға өтінімі бар Google-нысанын толтыру қажет.
 
Конференцияның қорытындысы бойынша жинақ шығару жоспарлануда, осыған орай мақалалар 2024 жылғы 28 маусымға дейін conf.org@zqai.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады. 
Мақаланы ресімдеу ережелері:
1) мақала мәтінінің көлемі 5-7 бет Microsoft Word форматында ресімделеді, Times New Roman шрифтімен, өлшемі - 14 пт., бір интервалдан кейін, 
бір - жоларалық интервал, пішімдеу - ені бойынша, абзац шегінісі - 1,25 см, өрістер - барлық жағынан - 20 мм, нөмірлеу қойылмайды, сөздерді тасымалдауға жол берілмейді;
2) мақалада ӘОЖ индексі (әмбебап ондық жіктеуіш) болға тиіс;
3) авторлар туралы мәліметтер қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде толтырылады және олар мынадай ақпаратты қамтуға тиіс:
- Тегі, Аты, Әкесінің аты (толығымен),
- лауазымы,
- ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі,
- жұмыс орны (автор ұсынатын мекеменің толық атауы),
- қаласы, елі; автордың (немесе авторлардың) байланыс деректері (телефоны, e-mail);
4) мақаланың атауы, 100-150 сөзден тұратын аннотация, аннотациядан кейін 5-6 түйін сөз қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ресімделеді;
5) мәтінішілік ескертпелер төртбұрышты жақшада беріледі, әдебиеттер тізімінде дереккөз нөмірі және бет көрсетіледі, мысалы: [1, б. 17].