«Ұлттық заңнама жүйесіндегі теріс қылықтар. Қазіргі қоғам жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылық ұғымдарын дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институтымен бірлесіп «Ұлттық заңнама жүйесіндегі теріс қылықтар. Қазіргі қоғам жағдайында қылмыстық құқық бұзушылық және әкімшілік құқық бұзушылық ұғымдарын дамыту» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр. 
 Конференция жұмысына ҚР Парламенті депутаттарының, ҚР Конституциялық Сотының, ҚР Жоғарғы Сотының судьяларының, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің басшылары мен өкілдерінің, көрнекті отандық және шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуы жоспарлануда.
 Конференцияның мақсаты құқықтық қатынастар жүйесіндегі қылмыстық теріс қылықтардың орнын анықтау, оның бағытын, аражігін ажырату және қарау шектері болып табылады. Осыған байланысты қылмыстың, теріс қылық пен әкімшілік құқық бұзушылықтың арақатынасы мәселесін талқылау жоспарлануда. 
 
Күні мен уақыты: 2023 жылғы 23 қараша, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де басталады. 
Конференция Астана қаласы, Достық көшесі, 11-үйде орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында өтеді.