Әкімішілік басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) - ЗҚАИ қызметін қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру саласындағы іске асыру әрекетін өз құзыреті шегінде жүзеге асырады, сондай-ақ кәсіпорын мен оның филиалдарын жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Басқарма мынадай қызметтер мен міндеттерді жүзеге асырады:
- құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың ұсыныстары бойынша ЗҚАИ-ның келешекке арналған және ағымды жұмыс жоспарларын дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады
- директормен өткізілетін кеңестер, кездесулердің дайындығын ұйымдастыру, материалдарын ресімдеу, кеңестердің хаттамаларын жүргізу және оларды тарату
- ЗҚАИ бұйрықтарын және басқа да құжаттарын тіркеу және сақтау
- құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтардың кешенді тексеруін ұйымдастыру
- атқарушылық тәртібі бойынша Әділет министрлігінің бақылау қызметімен салыстырып тексеру жүргізеді және олармен іс жүргізуді жетілдіру мәселесі жөнінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады
- іс жүргізуді ұйымдастыру, хат-хабарды есепке алу және өңдеу, сондай-ақ құжат айналымына талдау жасау
- мемлекеттік тілді үйреніп жүрген қызметкерлерге қажетті жағдай туғызу, қазақ тілі оқытушыларын іріктеу, курстарды ұйымдастыру және олардың қызметіне бақылауды жүзеге асыру, ашық сабақтарды өткізуді ұйымдастыру
- ЗҚАИ-ның негізгі қызметімен байланысты құжаттардың аударылуын жүзеге асыру, ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері өздігінен әзірлейтін және мемлекеттік тілге аударатын құжаттарын редакциялау және бұрыштама қою
- ҚР Әділет министрлігі өткізетін, мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық дәстүрге баурау мақсатындағы іс-шараларға ЗҚАИ қызметкерлерінің белсенді қатысуын ұйымдастыру
- құжаттарды мемлекеттік тілде құрастыру бойынша тестілеу өткізу, тестілеу нәтижесі бойынша неғұрлым ерекшеленген қызметкерлерді ынталандыруға ұсыну
- филиалдар қызметін үйлестіру
- халықаралық ынтымақтастық
- маркетинг
- наразылық-талап жұмысы
- ЗҚАИ-дағы кадр саясатын әзірлеу
- кадрлар резервін қалыптастыру және құру, сондай-ақ кадрлардың сандық және сапалық құрамы туралы деректер банкін жүргізу
- жұмыскерлерді қабылдау, ауыстыру және жұмыстан шығаруды Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасына сәйкес ресімдеу
- жұмыскерлермен жеке еңбек шартын жасау
- жұмыскерлердің еңбек кітапшаларын жүргізу, толтыру, сақтау
- жұмыскерлердің демалыс кестесін әзірлеу және жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының берілуін бақылау
- жыл сайынғы ақылы еңбек демалысын бекітілген кестеге сәйкес ресімдеу
- жұмыскерлерден олар жасаған еңбек тәртібін бұзушылыққа байланысты жазбаша түсініктеме талап ету
- жұмыскерлерді ынталандыруға ұсыну үшін материалдарды дайындау
- жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту жөнінде материалдарды дайындау
- кадр мәселелері бойынша барлық есептілікті жүргізу
- РҚАО және аймақтық орган жұмыскерлеріне аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру, аттестаттау нәтижесін талдауға қатысу
- РҚАО құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарындағы жұмыскерлердің еңбек тәртібі және Ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтауын бақылау
- кадр бөлімінің іс жүргізу жөніндегі құжаттарын жүргізу
- жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды әзірлеу және беру
- жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету
- кәсіпорын мен филиалдарды жабдықтау және шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмысқа басшылықты жүзеге асырады және орындалуын қамтамасыз етеді
- шығыс материалдарын, ЖЖМ және басқа да тауар-материалдық құндылықтарды сатып алуды қамтамасыз етеді; оларды есепке алу, қабылдау және берумен айналысады
- кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері мен оның филиалдарының қажеттіліктері жөніндегі өтінімдері бойынша материалдық құндылықтар партиясын жинақтайды
- жұмыскерлерді кеңсе және шаруашылық құрал-жарақтарымен қамтамасыз етеді
- барлық материалдық құндылықтардың тиісті есебін жүргізеді
- жыл сайынғы түгендеу өткізуге қатысады
- тауар-материалдық құндылықтарды қабылдау, сақтау және беру, оларды орналастыруды ұйымдастырады, жиылып қойылатын тауар-материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді, олардың бүлінуі мен істен шығуының алдын алу мақсатында сақтау ережелерін қолданады
- өртке қарсы іс-шараларды қамтамасыз етеді, жылу мен электртұтынуды ұйымдастырады
Жүктелген негізгі міндеттер мен қызметтерді орындау үшін бөлімнің:
- ЗҚАИ құзыретіне енетін мәселелер бойынша құрылымдық бөлімшелер, аймақтық орталықтар қызметіне бақылауды жүзеге асыруға
- белгіленген тәртіппен ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері, аймақтық органдарынан бөлімге жүктелген міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қажетті ақпарат пен материалды сұрауға және алуға
- ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарының қызметкерлерін ЗҚАИ директорының қызметін қамтамасыз ету және жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге тарту
- өз құзыреті шегінде ЗҚАИ құрылымдық бөлімшелері мен аймақтық орталықтарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге
- белгіленген тәртіпте, мемлекеттік органдармен, сондай-ақ басқа ұйымдармен өзара қарым-қатынаста, оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі уәкілетті органмен, ЗҚАИ атынан бөлімнің құзыретіне қатысы бар мәселелер бойынша өкілеттілікке
- бөлім құзырына енетін мәселелер бойынша ЗҚАИ жұмыскерлеріне түсініктеме, нұсқаулар беруге
- ЗҚАИ-да кадрлық іс жүргізуді және кадр есебін дұрыс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында қабылданып жатқан, сондай-ақ ЗҚАИ-да қызмет етіп жүрген барлық қызметкерлерден алғашқы құжаттарды уақтылы ұсынуды талап етуге
- ЗҚАИ-ның барлық қызметкерлерінен олардың өз лауазымдық міндеттерін орындау барысында жіберген қателіктерін жоюды талап етуге
- кеңестерді ұйымдастыру және өткізуге, сондай-ақ ЗҚАИ-да өткізілетін кеңестерге қатысуға құқы бар

Әкімшілік басқармасының басшысы - Курбанов Сергей Бариевич
Байланыс:
Тел.: +7(7172) 57-46-48