Конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Байланыс
Тел.: 8-777-861-45-99
М.а Бөлім басшысы- Ахметов Ерик Булатович
Бөлімнің негізгі міндеттері:
-
конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу;
-
заң жобаларының тұжырымдамаларын әзірлеу бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
-
конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу;
-
жүргізілген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді жүзеге асыруға бағытталған заңнамалық актілер мен олардың тұжырымдамаларының жобаларын әзірлеу;
-
жарғылық қызметке сәйкес мәселелерді шешуде көмек көрсету.
Бөлім:
-
кәсіпорынның жұмыс жоспарына сәйкес заң жобалары бойынша жұмысты ұйымдастыру;
-
заң шығару бастамасы құқығы субъектілері бастамашылық жасаған заң жобалары бойынша консультациялық қызметтер көрсету;
-
іргелі және қолданбалы зерттеулерді қоса алғанда, конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер жүргізу;
-
конституциялық, әкімшілік заңнама және мемлекеттік басқару саласында мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға ғылыми сарапшылық-консультациялық қызметтер көрсету;
-
заңнаманы жетілдіру тұжырымдамаларын әзірлеу;
-
өз құзыреті шеңберінде уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау;
-
қолданыстағы заңнаманың проблемалары бойынша Институтта өткізілетін ғылыми-практикалық конференциялар, дөңгелек үстелдер және өзге іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысады;
-
бөлім міндеттеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.