Шанхай ынтымақтастық ұйымы: жаңа көкжиектерді зерттеу

"The Shanghai Cooperation Organization: Exploring New Horizons" (Шанхай ынтымақтастық ұйымы: жаңа көкжиектерді зерттеу) ұжымдық монографиясы Тюмень мемлекеттік университетінің халықаралық және салыстырмалы-құқықтық зерттеулер зертханасының жетекшісі, з.ғ.д., профессор С.Ю. Марочкиннің және Яковлев атындағы Орал мемлекеттік заң университетінің халықаралық және Еуропалық құқық кафедрасының профессорының, з.ғ.д. Ю.С. Безбородовтың редакциясымен жарияланды.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ғылыми қоғамдастығын білдіретін ұжымдық монографияның авторлары осы ұйымның перспективаларын бағалайды және құқықтық реттеу призмасы арқылы кездесетін проблемаларды талдайды.
Ұжымдық монография авторларының арасында: ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат Институтының бас ғылыми қызметкері, з.ғ.д., профессор М.А. Сәрсембаев және ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институты директорының кеңесшісі, з.ғ.к., профессор Ж.О. Құлжабаева бар.
Ұжымдық монография еуразиялық ынтымақтастықтың құқықтық аспектілері мен халықаралық қатынастардағы аймақшылдық мен әмбебаптық процестеріне ерекше назар аударатын құқықтанушы ғалымдар мен саясаткерлерді қоса алғанда, оқырмандардың кең ауқымына арналған.
Басқа мәліметтермен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.routledge.com/The-Shanghai-Cooperation-Organization-Exploring-New-Horizons/Marochkin-Bezborodov/p/book/9780367772802