Сіздерге 2022 жылғы 29 сәуірде сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен бірлесіп ғылыми құқықтық сараптама жүргізу тәртібі бойынша оқыту вебинарын (онлайн режимінде) өткізетінін хабарлаймыз.
Іс-шара шеңберінде ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу мәселелері қаралады, сараптаманы бағалау тәсілдері, сондай-ақ қорытындылар нысанын толтыру ерекшеліктері ұсынылады.
Трансляцияға қоcылу үшін үшін ғылыми құқықтық сараптаманы үйлестіру бөліміне мына электронды мекенжай бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: npe@zqai.kz немесе телефон арқылы: 57-99-85.