Ғалымдар мен практиктерді ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге шақырамыз. Заң шығармашылық процессіне үлес қосыңыз!

2021 жылдың 21 маусымынан бастап Қазақстанда ғылыми құқықтық сараптаманың жаңа моделі енгізілді.
Үкіметтің 2021 жылғы 8 маусымдағы №386 «Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидалары» қаулысына сәйкес ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған сарапшы жүргізеді.
Бүгінгі таңда ғылыми құқықтық сараптаманы құқық саласындағы ұлттық және шетелдік сарапшылар жүргізеді.
Сарапшы болу үшін сізге қажет:
- жоғарыда аталған ереженің 29, 56 тармағының талаптарына сәйкес келу;
- ғылыми құқықтық сараптаманы үйлестіру бөлімінің электрондық мекен-жайына құжаттар тізімін ұсыну: npe@zqai.kz
Бөлім қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша сілтеме арқылы таныса аласыз: http://www.zqai.kz/ru/structure/oknpe