Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты кітап көрмесі

«Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК-нің ғылыми кітапханасында 2021 жылғы 5 қараша мен 16 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – басты құндылығымыз» атты кітап көрмесі өтеді.
Аталған кітап көрмесі 2021 жылғы 26 қарашада өтетін «Тәуелсіздік, игілік пен берекенің 30 жылы: құқықтық аспектілер» атты тақырыптағы ғылыми-практикалық конференция шегінде ұйымдастырылып отыр.
Кітап көрмесінің негізіне ғылыми кітапхананың 15 жылдық қызметінде жинақталған кітап қорындағы ғылыми және мерзімді басылымдар, сондай-ақ нормативтік материалдар алынды.
Тәуелсіздіктің 30 жылы – бұл әлем біздің елімізді егемен мемлекет деп таныған және ел дамуындағы жоғары жетістіктерге жол ашқан жылдар.
Кітап көрмесінде ұсынылған «Қазақстан Республикасы заңнамасының жиынтығы» (2005ж.) нормативтік актілер жинағы тәуелсіз мемлекет Қазақстан Республикасың конституциялық-құқықтық негізі – Қазақ КСР Жоғарғы Советінің XII шақырылымының «Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» 1990 жылғы 25 қазандағы қаулысы мен Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қағидаттары негізінде қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» 1991 жылы 16 желтоқсандағы Конституциялық заңын қамтиды.
Осы жинаққа мемлекеттік-құқықтық және қоғамдық-саяси идеялардың бастауы – Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының құқықтық, әлеуметтік-экономикалық дамуын іске асыру бойынша бірқатар заңнамалық актілер енген.
Танысу үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясы» ғылыми-практикалық түсіндірмесі (Ред. алқа: И.И. Рогов және т.б., 2018ж.), М.Б. Қасымбековтің «Исторический выбор» (2013ж.) сияқты нормативтік-анықтамалық және ғылыми басылымдар ұсынылған.
Ғылыми, анықтамалық жинақтар мен көптомды басылымдар тәуелсіз Қазақстанның саяси-құқықтық негізін қалаған, мемлекеттік егемендігін жария еткен алғашқы ресми мәлімдеме – Егемендік туралы декларацияның маңызы туралы мақалаларды, сондай-ақ Конституция туралы ғылыми еңбектерді қамтиды. Сонымен бірге тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, қоғамдық-саяси жағдайдың қиын кезеңінде республика аумағының тұтастығын сақтау, егемендікті нығайту және ел экономикасын дамытудағы Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Н. Назарбаевтың еңбегі мен қызметі туралы мақалаларды қамтитын «Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігінің жиырма жылдығы декларациясы (2012ж.), «Лидер глобального антиядерного движения. Лидер нации» (2010ж.), «Избранные труды Президента Республики Казахстан» (2021ж.) сияқты және т.б. жинақтар бар.
Сондай-ақ танысу үшін Елбасы Н. Назарбаевтың ел дамуы жолындағы жасаған үндеулері және баяндамалары енген «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. Қызмет хроникасы. 1990-1991 жылдар» (2013ж), «Таңдамалы сөздер. I том» (2011ж.) сияқты еңбектер жинақтары ұсынылған.
Кітап көрмесінде мерзімді басылымдарда жарияланған Конституцияның әлеуеті мен маңызы, Президент мәртебесі мен қызметі, егемен республика жетістіктері туралы мақалалар көрсетіледі. Мәселен, Р.Қ. Сәрпековтің «Конституция және Президент», С. Мәкежановтың «Мемлекетіміздің темір қазық бағдары» («Егемен Қазақстан», 01.09.2021ж., № 164), К. Мамидің «Конституция – основа независимости Казахстана» («Казахстанская правда», 27.08.2021ж., № 162), И. Прохоровтың «Фундамент независимости» («Казахстанская правда», 30.08.2019ж., № 167) мақалалары көрсетіледі.
Оқырмандарға танысу үшін «Заң» (№ 12/2011, № 12/2014, № 10/2016), «Әділ сот» (№ 6/2011), «Заң және заман» (№ 8/2005, № 8, 10, 11, 12/2011, № 12/2013), «Қазақстандағы парламентаризм» (№ 4/2012), «Мирас» (№ 4/2012, № 1, 3, 4/2016), «Заңгер» (№ 10/2021), «Архивы Казахстана» (№ 1/2021, № 4/ 2020) журналдарынан таңдалған Қазақстан халқының отыз жылдық тарихи кезеңде өткерген қиындықтары мен қол жеткізген игі жетістіктері туралы материалдар мен ой-толғамдарды қамтитын мақалалар топтамасы ұсынылған.
Кітап көрмесінің тақырыбы бойынша әдебиеттер тізімі жасалды, бұл тізімге 14 ғылыми басылым, 5 нормативтік жинақ, 20 таңдамалы еңбектер жинағы, таңдамалы еңбектер жинақтарының 62 баяндамасы, ғылыми басылымдардан таңдалған 111 мақала, 49 журнал мақаласы мен 25 газет мақаласы енген.