Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік, игілік пен бірліктің 30 жылы: құқықтық аспектілер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік, игілік пен бірліктің 30 жылы: құқықтық аспектілер» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.
Конференцияға Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңестің, Жоғарғы Соттың, Бас прокуратураның, мемлекеттік органдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың, білім беру ұйымдарының өкілдері, отандық және шетелдік ғалымдар шақырылды.
Конференция 2021 жылғы 26 қарашада сағ. 11.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында ZOOM платформасында онлайн форматта өтеді.
Іс-шара қорытындысы бойынша Конференция материалдарының жинағын шығару жоспарлануда.
Жинақты қалыптастыру үшін баяндамалар мәтіндері 2021 жылғы
3 желтоқсанға дейін
lyambekova.a@zqai.kz электрондық мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7172) 266-143, e-mail: lyambekova.a@zqai.kz.