CALL ОРТАЛЫҒЫ қоңырау шалу тегін
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінде (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Сall-орталық жұмыс істейді, оның негізгі міндеті сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша азаматтарды тегін консультациялық қолдау және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.
Азаматтарға кеңес беру:
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке кіру;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өндірісіндегі өтініштер мен хабарламаларды қарау барысы туралы;
• сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер.
Хабарламаларды қабылдау:
• сыбайлас жемқорлық фактілері туралы, соның ішінде жасалған немесе дайындалып жатқан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы.
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) туралы;
• кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау мәселелеріне қатысты;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен іздеудегі адамдар туралы мәліметтер;
• сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметіне қатысты (пікірлер, ұсыныстар)
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Call-орталығының жұмыс кестесі
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша азаматтарды ақпараттандыру және кеңес беру:
Дүйсенбі – Жұма 09: 00-20:00
Сенбі 09:00-13:00
Жексенбі – демалыс
(Азаматтардың назарына! Туындаған барлық мәселелер бойынша Call-орталығының жұмыс уақытынан тыс уақытта сіз қызықтыратын сұрақты, аты-жөніңіз бен телефон нөміріңізді көрсете отырып, дауыстық хабарлама қалдыра аласыз. Біз сізге міндетті түрде қоңырау шаламыз)
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар және дайындалып жатқан қылмыстар туралы хабарламаларды қабылдау: Тәулік бойы