Анонстар

Заңнама және құқықтық ақпарат институтының 30 жылдық мерейтойына орай «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛЫ: ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР» мақала

2023 жылғы 27 қыркүйекте www.zakon.kz сайтында Заңнама және құқықтық ақпарат институтының 30 жылдық мерейтойына орай «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢНАМА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ АҚПАРАТ ИНСТИТУТЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҚ ЖОЛЫ: ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕТІСТІКТЕР» тақырыбында мақала жарияланды. 

Конференция туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты 2023 жылғы 29 қыркүйекте Астана қаласында институттың 
30 жылдығына арналған «Заң шығару және құқықтық ақпарат: жетістіктер мен перспективалар» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Терминология мәселесінің өзектілігі

Құрметті оқырман!
Назарларыңызға «Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институтының жаршысы» ғылыми-құқықтық журналының №2 (73)-2023 кезекті шығарылымын ұсынамыз.

ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының азаматтық, азаматтық процесстік заңнама және атқарушылық іс жүргізу бөлімінің ғылыми басылымдарының анонсы

Құрметті оқырмандар!
«Заң» Деректер базасының сайтында ҚР заңнамасының әртүрлі салаларын талдауға арналған ҚР заңнама және құқықтық ақпарат Институты қызметкерлерінің ғылыми еңбектері мерзімді түрде жарияланып тұратынын еске саламыз.

Онлайн-курстың аңдатпасы: «ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Әлеуметтік Кодексінде көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау туралы».

2023 жылғы 17 тамызда 15 сағат 00 минутта (мемлекеттік тілде) және 16 сағат 00 минутта (орыс тілінде) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық ақпараттық қызметімен: «ҚР 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII «Әлеуметтік Кодексінде көзделген Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды мемлекеттік қолдау туралы» тақырыбында вебинар нысанында халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша онлайн-курс өткізіледі.   

ПРЕСС-АНОНС

Қазақстан Республикасы Конституциясы күнінің жоғары мемлекеттік мәртебесін ескере отырып, 2023 жылғы 18 тамызда сағат 10.00-де Астана қаласында Ұлттық зияткерлік меншік институтында (Мәңгілік ел даңғылы 57А) «Конституциялық реформаның басымдығы – әділетті қоғам» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету

 

 

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты заңнаманы жетілдіруге бағытталған жұмысты тұрақты негізде жүргізеді, ғылыми зерттеулер жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша талдамалық есептер мен монографиялар дайындалады.

Сіздің назарыңызға «Қазақстан Республикасында заң жобалау қызметін ғылыми қамтамасыз ету» тақырыбындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеудің (2021 – 2023 жылдар) қорытындылары туралы талдамалық есеп ұсынылады.

Тұрақсыздық айыбы. Депозит. Кепілдік жарна. Қамтамасыз ету төлемі. Ұстау. Қолданудың практикалық мәселелері

* Вебинар орыс тілінде өткізіледі
 

Құрметті заң саласындағы ғалымдар мен мамандар!

Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты НҚА жобаларына, халықаралық шарттар жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттарға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың бірінші жинағының шығарылғанын қуана хабарлайды.

ҚР Заңнама және құқықтық ақпарат институтының қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық заңнамасы бөлімінің ғылыми басылымдарының анонсы

Қазақстан Республикасы Заңнама институтының қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық заңнамасы бөлімі қызметінің бағыттарының бірі ғылыми жұмыс болып табылады. Бөлім қызметкерлерінің ғылыми құрамы ғылыми және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар көрнекті заңгер ғалымдардан тұрады. Мұның бәрі қылмыстық, қылмыстық-процестік, қылмыстық-атқарушылық заңнамасы саласында жоғары деңгейде ғылыми зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді.